254
Гемизигота
– гетерогаметалы жыныстың генотипінде жалғыз күйде
болатын ген.
Гемиглобинопатиялар
– гендік мутация нəтижесінде
гемоглобиннің
қалыпты құрылысының өзгеруі салдарынан пайда болатын (орақ пішінді
жасушалық анемия).
Гемофилия
– қанның ұйымауы. Аурудың гені (рецессвиті) Х – хромо-
сомада орналасқан.
Ген
– ағзаның белгілері мен қасиеттеріне өзіне тəн ерекшелікпен əсер
етуші, белгілі бір функциясы бар, хромосоманың кішіректеу учаскесі.
Генетика
– тұқым қуалаушылық пен
өзгергіштік құбылыстарын
зерттейтін биологиялық ғылым.
Гендер ағыны
– дарабастардың миграциясы арқылы популяциялар
арасындағы гендердің алмасуы.
Гендер банкі
(кітапханасы). Рекомбинатты ДНҚ негізінде алынған осы
ағзаның гендер жиынтығы.
Геном
– өздерінде орналасқан гендерімен қоса хромосомалардың
гаплоидтық жиынтығы.
Ген-оператор
– іске қосушы жəне үзіп
тастаушы механизм ретінде
қызмет атқарушы ген. Реттеуші геннің (ген-регулятор) əсерімен белгілі
белоктардың, ферменттердің синтезделуін іске қосады немесе үзіп
тоқтатады.
Ген
– ингибитор-фенотипке тікелей əсер етпейтін, бірақ басқа аллельді
емес геннің істерін тежейтін ген.
Генетикалық карта
– жеке гендердің хромосомада орналасу схемасы.
Генетикалық рекомбинациялар жəне мутантты
сайттардың комплемента-
циялары бойынша тəжірбиелер негізінде жасалды.
Генетикалық талдау
– ағзаның тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу
əдістерінің жиынтығы.
Генетикалық жүк
– идивидумдардың немесе популяциялардың
бейімделгіштігін азайтатын генетикалық бұзылулар.
Генетикалық код
– нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым
қуалау информациясының жазылу жүйесі.
Гендік мутациялар
– мутацияға ұшыраған гендердің молекулалық
молекулалық құрылымының өзгеруі.
Гендік топ
– тығыз тіркескен гендер тобы, гендер жүйесі. Осы кешенді
жүйенің теңесушілігінің күштілігі сонша, мутациядан өзгерген əр ген бүкіл
жүйеге əсерін тигізеді.
Генотип
– организмнің хромосомаларында
орналасқан барлық
гендердің жиынтығы.
255
Генофонд
– белгілі бір популяцияны құрайтын дарабастардың бəрінің
гендерінің жиынтығы, нəсілдер мен түрлер үдерісінің шешуші негізі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: