Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет95/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

153
45-есеп
. Бір тіркестік топта орналасқан А жəне В гендерінің 
ара-қашықтығы 4,6 кроссинговерлік бірлікке тең. Осы гендері бой-
ынша  дигетерозиготалы дараны гомозиготалы рецессивті дарамен 
будандастырғанда, қандай гаметалар алынады жəне олар қандай 
пайыздық қатынаста ажырайды? 
46-есеп.
 С жəне D гендері бойынша дигетерозиготалы 
аналық жеміс шыбынын рецессивті гомозиготалы аталықпен 
будандастырған. Ұрпағында мына арақатынастағы ажырау болған. 
43,5% СсDd; 6,5% Ссdd; 6,5% ссDd; 43,5% ссdd. Аналықтың го-
мологты хромосомаларындағы гендер сəйкестігінің қандай екенін, 
С жəне D гендері арақашықтығының нешеге тең екенін айқасу 
бірлігімен көрсетіңіз. 
47-есеп.
 А, В жəне С гендері бір тіркестік топта орналасқан. 
А мен В гендерінің аралығында кроссинговер 7,4% жиілікте, ал В 
жəне С гендерінің аралығында 2,9% жиілікте жүреді. Егер А мен 
С гендерінің арақашықтығы 10,3% кроссинговерге тең болса, А,В 
жəне С гендерінің орналасу ретін көрсетіңіз. 
48-есеп
. Талдап будандастырудың нəтижесінде фенотиптердің 
мынадай арақатынасы шыққан: А-В-С- 120  ааВ-С- 62 
А-В-сс 10 ааВ-сс 68 
А-bbС- 65 ааbbС- 12 
А-bbсс 63 ааbbсс 125 
Хромосомадағы гендердің орналасу ретін жəне олардың айқасу 
бірлігімен көрсетілген арақашықтығын анықтаңыздар. 
49-есеп.
 Дрозофилада аналық жыныс – гомогаметалы, аталық 
жыныс – гетерогаметалы болып табылады. Ү хромосома генетика-
лық инертті. Шыбынның көзінің қызыл түсін доминантты W гені, 
ақ түсін рецессивті w гені бақылайды жəне Х хромосомада орна-
ласады. Қандай гаметалар түзеді: а) гетерозиготалы қызыл көзді 
аналық; ə) қызыл көзді аталық; б) ақ көзді аталық; в) гомозиготалы 
қызыл көзді аналық. 
50-есеп
. Гендер арасындағы кроссинговер жиілігі: В-А=28%, 
Д-А=6%, С-Д=14% жəне С-A=20%. Гендердің хромосомада орнала-
су ретін көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет