Әдеби KZ
– Қайтсін, ет жүрегі қан боп езіліп кеткен ғой сорлының, - десіп қарттар
бірінің сөзін бірі құптады.
Сапекеңді соғыстан бұрын менің де көргенім бар еді. Заманның қонағы боп
жатып, ақынның бірсыпыра өлеңдерін тыңдағанмын. Шоқша қара сақалы
бар әр сөзін сабырмен айтатын кесек тұлғалы қара қоңыр кісі еді.
– Шырақтарым, екеуің дос болыпсыңдар, – деп еді Сапекең мен ауылға
қайтарымда Заман екеумізді екі жағына алып отырып. – Достық қарызы –
ауыр жүк. Адал жар азбайды, адал дос алдамайды. Екеуің де бір-бір үйдің
жалғызы екенсіңдер. Біріңе бірің ақ дос, айнымас серік боп өтіңдер.
Әрқашанда адал болыңдар. «Адалдың арқаны ұзын» деген сөз шын сөз.
Осыны естеріңнен шығармаңдар!
Бұдан кейін мен қарт ақынды көргенім жоқ. Заман маған хат жазған сайын
«әкемнен сәлем» деген сөздерді жиі қосатын. Ол Сапекеңді «әке» дейтін.
Өйткені Заман әкесінің егделеніп қалған кезінде, қырықтан асқанда көрген
жалғыз баласы еді. Жаңа, Тана өлеңді әндете айтқан кезде менің көз алдыма
ақынның Ақжал тауының іргесіндегі аласа үйі елестеді. «Төр үйдің төрт
қанаты құлазып тұр» деген жол сол үйдің төргі бөлмесінде отырып ақынның
бізге айтқан мәслихатын есіме түсірді.
– Айт, қарағым. Енді ақынның екінші өлеңін айт, – деп қарттардың бірі
Тананы қайтадан қолқалады.
Тана домбыраның құлағын қайтадан бұрап, жаңағы ырғақтан өзге, басқа бір
мұңды үнмен әндете жөнелді.
Жанымның жарық күні – жалғыз Заман!
Бұл жолдан қайтар деуші ем есен-аман.
Қайтады деп жүргенде қара жер ғып,
175
Достарыңызбен бөлісу: |