Әдеби KZ
Сұрақ: «Менің сіздерден өтінішім: «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабын
баршаға ортақ тіл – орыс тіліне аудартсаңыздар екен. Менің орыс, тәжік,
дүнген, татар құрбыларым да оқысын бұл кітапты.
Алтай Жапарбекова, Жамбыл қаласы».
Осындай өтінішті Целиноград қаласынан Қасым Қарпышев, Чернигов
қаласында әскери борышын өтеп жатқан жауынгер Сағынбай Қаратаев және
басқа оқырмандар да жолдаған.
Жауап: Оқырмандардың осы тілектерін ескере отырып, «Жазушы» баспасы
бұл кітапты 1973 жылы орыс тілінде басып шығаруды жоспарлап,
Ленинградта тұратын орыс жазушысы Г.А.Горышинмен шарт жасасты.
Жазушы Глеб Горышин «Махаббат, қызық мол жылдарды» орыс тіліне
аударып жатыр.
Мінеки, оқырман хаттарындағы авторға қойылған сұрақтардың ең негізгілері
осылар.
Осымен оқырмандарға жауабымды аяқтаймын. Әр жүректе асыл
адамгершілік, айырылмас махаббат болсын. Өмірден қол ұстасып өтер жан
серік жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам жолдасын да жақсы көре
алмайды, коллективін де құрметтей білмейді.
Жанжарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген жұмыс, атқарған
қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Кеудесінде өз адамгершілік,
берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола
алмайды. Жоғарыда келтірген осы ойымды тағы да қайталағаныма кешірім
өтіне отырып, әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр
жас жанұяның алтын діңгегіне айналсын деп тілеймін, қырда жайқалған
қызғалдақтай қыздарым мен өндірдей өрен ұлдарым менің! Тек жас
отбасының ғана емес, «Махаббат» деген асыл еңбекке түйілген отаншылдық,
474
Әдеби KZ
еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық, Қазан революциясының ісіне,
дәстүріне жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын
діңгегі болсын деймін!
Жастықтың, жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы асыл махаббат
жасасын!
1-10 қаңтар, 1972 ж.