Әдеби KZ
атқарады. Қаза табар алдында жауынгер жігіт хат жазған Зада есімді қыз да
қазір республиканың бір жерінде болуға тиіс.
Енді кітаптағы оқытушы кейіпкерлер жайлы бір ауыз сөз. Роман жалпы
университет туралы емес, бір факультеттің студенттері жайлы ғана
болғандықтан, оқытушылар бейнесін сомдауға оншама бой ұрғаным жоқ.
Тек бірер ғана оқытушының аттары аталады.
Олар сол кездегі ұстаздарға ұқсай ма, ұқсамай ма, – оны сол кездегі
студенттер біледі.
Бірақ солардың кейбіреулері арқылы романда осы күнгі кейбір
оқытушылардың да басындағы оғаш қылықтары ептеп сыналатыны хақ.
Міне, роман кейіпкерлерінің прототиптері, олардың қазіргі жайы дегенде
айтылатын сөз осы. Бұл жердің оқырмандары үшін бұл кітаптың шылғи
шындық боп, кей жерлерде болған оқиғаларға ұқсап тұратын себептері де
кітап кейіпкерлерінің прототиптері барлығынан болар. Бірақ пәленшенің
прототипі пәлен дегенмен, романда солардың мүлде өзгеріп кеткендігін таға
да ескерткім келеді.
Сұрақ: Осы романды жазу үстінде қандай кітаптар оқыдыңыз?
Жауап: Жана кітап оқығаным жоқ. Ескіден Фадеевтің «Тас-талқаны» мен
Ерубаевтың «Менің құрдастарымын» қайталап қарап шықтым. Ал романым
өндіріске кеткеннен кейін қолыма бірінші алған кітабым Шыңғыс
Айтматовтың «Ақ кемесі» болды.
Сұрақ: Жазушылардан кімді жақсы көресіз?
Жауап: Классиктерді кім жақсы көрмейді. Ал жалпы совет жазушыларынан
сүйіп, сүйсініп оқитыным А.Фадеев, М.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов.
468
Достарыңызбен бөлісу: |