Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет459/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Тұмажан Ошақбаевтың басында біздің қоғамымызға жат екі түрлі мін бар. Ол 

Тұмажанның советтік моральға сыймайтын озбырлығы мен қоғам дәулетіне 

сұғанақтығы. 

Оның  бойындағы  осы  қылықтарды  оқырмандар  қатты  айыптап,  зығырданы 

қайнаған  хаттар  жазды.  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  романын  сүйсіне 

оқып,  көп  уақытқа  дейін  ойландым.  Өзімді  әлденеше  рет  Ербол  мен 

Тұмажанның  орнынa  да  қойдым,  –  деп  жазады  колхозшы  Алтынбек 

Дәкібаев. 

−  Сонда  Тұмажандай  болғанша,  ұл  боп  анадан  тумағанның  өзі  артық  деген 

тұжырымға  келдім».  Алты  баланың  анасы,  үй  шаруасындағы  әйел  Бағила 

Мұханова-Шапатова: 

«Кітапты  оқып  отырғанда  Тұмажанға  жының  келіп,  сондай  ыза  болып 

отырасың»  десе,  совхоз  жұмысшысы  Әлмұханбет  Досжанов  өз  хатын: 

«Ошақбаевты  ошаққа  тірідей  тығып  жібергің  келіп,  бойыңды  ашу-ыза 

кернейді»  деп  түйіндейді.  Ал  Л.Құтылбекова,  С.Жаукеев  және  басқалар 

Тұмажан сияқтылардың ауылда әлі де бар екенін айтады. 

Рас, Тұмажан сияқтылар ауылда ғана емес, қалада да кездеседі. Бірақ қазіргі 

Тұмажандардың  іші  өзгермегенмен,  түсі  өзгерген.  Олар  қара  костюм,  ақ 

көйлек  киіп,  екі  беттері  шиқандай  боп,  шекірейіп,  мейманханалардың 

маңында жүреді. 

Мінеки, Тұмажан бейнесінің прототипіне шүу дегенде баяғы өзімізбен бірге 

оқыған  қызды  аламын  деп  алдап  кеткен  жігіт  алынған  болатын.  Оның 

сотталып  кеткеннен  кейінгі  хал-жайынан  хабарым  жоқ.  Менің  мақсатым, 

қыздарды  қашанда  болса  Тұмажан  сияқтылардың  қармағынан  сақтандыра 

отырып,  қыз  намысын  қорлау  қылмыс  жасағанмен  тең  екендігін  жас 

жігіттерге ұғындыру еді. 



464 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет