Әдеби KZ
Сөйтіп, Зайкүл жеңілтек, желөкпе бұрынғы қыздарға да, бүгінгі қыздарға да
ұқсап шықты.
Менің өз түсінігімше, бойында ұшып-қонба жеңілтектік мінездері
болғанымен, жалпы Зайкүл ақкөңіл қыз. Жақсы жар кездесіп, қарапайым
өмір сүрсе, ондайлардың кейін салиқалы әйелдер қатарына қосылып кетері
сөзсіз. Бірақ «басына бақ» қонса, Зайкүл сияқтылардың кердеңдеп
кететіндері де болады. Ондайлар ең алдымен тырапыштанып киінеді. Одан
соң кенедей жабысып, күйеуінің машинасынан түспейді. Осыдан соң өзі
шатпақтаған бірдеңелерін диссертациямның тарауы деп әркімге бір
түзеттіріп немесе жанадан жаздырып, ғылым кандидаты деген атақ алып,
алшаңдап шыға келеді. Ал соның қорғаған диссертациясынан коғамға келер
бір тиын пайда болмайды. Өмірде осындай оқиғалар кездесіп
жататындықтан, біздің Зайкүл де мұндай «модадан» құр қала алмады.
Оның бойындағы жас кезіндегі – жеңілтектік, өскеннен кейінгі ұятсыздық,
күйеуге шыққаннан кейінгі келісіп тұрған жағдай осындай озбырлыққа барып
ұштасты.
Зайкүлге көп тиісетін қуақы мінезді Жомартбектің де прототипі бар. Қазір ол
Қазақ ССР Ғылым Академиясында қызмет істейді, филология ғылымдарының
докторы. Көптеген ғылыми еңбектері шыққан және бірнеше әңгімелер
жинағы, повестері жарияланған белгілі жазушы. Бірақ қу тілді жігіттерді
қыздар менсіне қоймайды ғой. Сол себепті де ол өлдім- талдым деп отызға
жеткенде әрең үйленеді. Роман прототиптерінің ішіндегі әзірге балалары
институтқа ілінбеген тек осы ғана. Автордың мақсаты халқымыздың
бойындағы жақсы қасиеттерді көбірек көрсету болғандықтан, романда
жағымсыз кейіпкерлер өте аз алынды. Түптеп келгенде кітаптағы шын
мәніндегі жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Оның бірі – Тұмажан да, екіншісі –
Бүркітбай.
463
Достарыңызбен бөлісу: |