Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет454/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

шайқасады. Өзгелер межелі жерге жетіп алып, жайғасқанша сен тапжылма, 

шаман  жетпесе,  сол  жерде  Отан  үшін  өл  десең,  ол  оғы  біткенше  жаумен 

атысып,  сол  арада  тапжылмастан  өледі  де.  Ал  Ерболдың  бойына  армия-

ананың  сүтімен  сіңген  бұл  қасиет  ол  әскерден  қайтып  келіп,  студент  болып 

аудиторияға  кірісімен  кете  қалмайды.  Оқытушы  орнынан  тұрғызып  алып  , 

қайтадан  «отыр»  деместен  лекциясын  бастай  жөнелгенде  Ерболдың  жұрт 

кезіне  нысана,  күлкісіне  тиек  болып,  рұқсат  күтіп,  бір  сәт  тапжылмастан 

тұрып қалған күлкілі жағдайында осындай бір астарлы жай және бар. 

Рас,  кейіннен  әскери  әдеттің  кейбір  сырт  көріністері  Ерболдың  бойынан 

біртіндеп қала да бастайды. Бірақ әскери тәрбиенің мәні оның қанында мәңгі 

сақталып  қалады.  Сондықтан  да  Ербол  үлкендерді  көргенде  генералдың 

алдынан  өткен  солдаттай  сызылады,  нашар  оқитындардың  сабақ  ұғынуына 

көмектесіп,  жолдастарының  арасында  коллектившілдік  сезімін  күшейтеді. 

Ербол  өз  аузынан  мынадай  тұжырым  айтады:  ананың  емшек  сүті,  мектеп 

тағылымы,  әскер  тәрбиесі  бірін-бірі  толықтыра  түседі;  осы  үш  тәрбиені 

бойына  сіңірген  адам  асыл  азамат  болады.  Сондықтан  да  ол  Меңтайдың 

басқа  біреуге  берген  сертін  бұздырмайды.  Өйткені,  ант  бұзу  ана  тәрбиесіне 

де, армия дәстүріне де жат іс – сұмдық жай. Сол себептен де ол сүйген қызын 

ондай сұмдыққа итермелей алмайды. 

Автордың  мақсаты  Ербол  мен  Меңтай  жақсы  жігіт,  білімді  қыз  екенін 

көрсетіп  қана  қою  емес,  солар  арқылы  халқымыздың  бойындағы  кейінгі 

ұрпаққа, арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. 

Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа 

жарасымды  үлгі  ұсыну  еді.  «Апамның  айтқандары»,  «Өз  ойларым»,  «Алтын 

діңгек»  дейтін  нақыл  тараулар,  т.  б.  осы  пікірді  нығайтуға  қосымша  түрінде 

кірді.  Ауыз  әдебиетінің  үлгі-нұсқаларының  ең  асылдарын  ауызға  ала  отыру 

да  осы  ниеттен  туған.  Ерболдың  облыстық  газетте  тілщі  боп  жүргенде  ел 




459 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет