Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет451/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сұрақ: Ербол мінезіндегі кейбір жасықтықтарды қалай ұғуға болады? 

Жауап: Ербол – момын ата-анадан туған, халқының, қоғамының бойындағы 

ең жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, Қазан революциясынан бес жыл кейін 

дүниеге  келген  жас  азамат  Ербол  социалистік  қоғамның  қырқыншы 

жылдары  піскен  нәрлі  жемісі,  осы  күні  жаңа  адамдар  деп  аталатын  Қазан 

төлінің алдынғы легіндегі күрескер. Сырттай қораш көрінгенімен Ербол іштей 

ақылды,  адамгершілікті,  көпшіл,  қоғамшыл,  досшыл,  сабырлы  жігіт.  Әңгіме 

адамгершілік  пен  арға  тірелгенде  ол  екінің  бірі  бара  алмайтын  кесек 

қимылдарға  барады:  жан-жағын  жалмауыздай  жайпап  келе  жатқан  жау 

танкісімен  жекпе-  жек  айқасады;  жолдастарына  қауіп  төнгенде  жыландай 

ысқырып,  снарядті  құшақтап  алып,  шұңқырға  лақтырады;  досының  қызы 

Тананың  абыройын  төкпеу  үшін  онымен  үш  күн  бірге  болғанда  тастай  боп 

қатып  қалады;  өзі  жақсы  көре  тұра  Меңтайдың  басқаға  берген  сертін 

бұздырмайды;  өзі  жалаңаш-жалпы  жүріп,  костюмге  жинаған  ақшасын 

Заманды  іздеп  бара  жатқан  Танаға  жол  қаражат  етіп  береді.  Оқырмандар 

оның бойындағы осы қасиеттерді дұрыс түсініп, бағалаған. Түсіне тұра кейбір 

оқырмандардың Ербол мінезіндегі екі «жасықтыққа» зығырданы қайнайды... 

Мектеп  ішіндегі  Бүркітбай  Сәлиманы  ұрғанда  Ербол  неге  Бүркітбайды 

сақалынан  алып,  жағасын  жыртпады?  Неге  ол  вагонда  Ошақбаевты  тым 

болмаса шапалақпен бір тартып жібермеді? – деп өкінеді. 

Алматы  облысының  Кеген  ауданынан  «Меңтайдың  өліміне  Ерболдың 

ынжықтығы кінәлі. 

Ербол  шүу  басында  сертін  бұздырып,  Меңтайға  үйленіп  алса,  онда  мұндай 

аянышты  хал  болмайтын  еді.  Бәріне  еркектер  кінәлі,  оларға  ешқашан  да 

сенуге  болмайды»  –  деп  маған  ашулы  хат  жазды.  Бірақ  осылардың  бәріне 

оқырмандар  өздері  жауап  беріп  жатыр.  ҚазМУ-  дың  М.О.Әуезов  атындағы 

әдеби бірлестігінде осы романға арналған конференцияда бірді-екілі жігіттер 




456 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет