Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет449/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

киімсіз  далаға  қаштым.  Содан  үсініп,  үш  ай  ауруханада  жаттым.  Жақында 

ғана жазылып шықтым. 

Шынымды  айтсам,  жынданудың  сәл-ақ  алдында  қалдым,  ағай.  Тағы  да  сол 

үйде тұрып жатырмын. Күйеуімнің бетіне кісі екен деп қарағым келмейді. Бір 

столдың басында басымыз түйіспейді. Ол өз тамағын өзі істеп ішеді, мен де 

өз бетіммен тіршілік етемін. 

Ортамызда  жалғыз  бала  бар.  Екеумізді  бір  ошақтың  басында  ұстап  отырған 

дәнекер сол ғана. Әйтпесе сырт бүтін болғанымен, іш түтін. 

Осылай  деп  келіншек  төмен  қарап,  сәл  үнсіз  отырды  да,  әңгімесін  қайта 

жалғап кетті. 

– Жас күнде, қыз кезімізде, көбіміздің көзімізді шел қаптап жүреді екен, ағай. 

Бір  жігіттің  бойы  аласа,  екіншісінің  өңі  сиықсыз  –  бұлар  «Ландыш»,  бізге 

«Венера» керек деп, өзімізге адал серік болар жақсы жігіттерді аяғымыздың 

астында жатса да аңдамайды екенбіз. 

Бұрын институтта жүргенде группадағы жігіттердің бәрі мені сыйлайтын еді. 

Олар менің атымды Гүлім демей, ылғи Ақгүлім деп атаушы еді. Енді міне ақ 

гүл емес, қара гүл болдым. Жер үстінде құр сүлдерім жүргені болмаса, кейде 

өзімді  тірі  өлік,  тірі  аруаққа  санаймын.  Қызмет,  бала,  жора-жолдас  –  бәрі 

алданыш  қой.  Бірақ  әйелдің  шын  бақыты  осылардың  үстінде  өмірлік  жан-

жарының жақсы болуында екен. 

Мінеки,  ағай,  өмірім  осы  менің.  Ауруханада  жатып,  жаным  қиналғанда 

редакцияға  хат  жазғанмын.  Бір  адам  жіберсеңіздер  бар  қайғы-сырымды 

айтамын дегенмін. Келгеніңізге рахмет. 

Бірақ  өзімді-өзім  әшкерелеп,  жұртқа  жайып  қайтемін  деген  тағы  бір  ойға 

тоқтадым. 




454 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет