Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет445/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Халқымыздың  бұл  қасиеттері  туралы  басқа  кітаптарда  да  жазылған, 

айтылған,  әлі  де  айтыла  берер.  Ал  мен  соған  өз  үлесімді  қосуды  парыз 

тұттым.  Ол  мақсатым  орындалды  ма,  орындалмады  ма  –  оны  оқырман 

қауым біледі. 

Сұрақ:  Романда  Меңтай  неге  трагедиялық  түрге  ұшыратылды?  Оны  тым 

болмаса тірі қалдыруға болмайтын ба еді? 

Жауап: Меңтайдың басынан кешкен трагедиялық жағдай бірнешеу. Алдымен 

кішкентай  күнінде  әкесі  өлді.  Одан  соң  соғыста  жалғыз  ағасы  қаза  тапты. 

Оның  күйігіне  шыдай  алмай  шешесі  қайтыс  болды.  Бұл  соғыс  кезіндегі 

соғыстың  тақсіретін  тартқан  әр  жанұяға  тән  қасиеттер  болатын.  Халықтың 

қалын  ортасынан  шыққан  қыз  болғандықтан,  әрине,  Меңтай  да  сол 

азаптардан өтуге тиіс еді. Байқауымша, бұл жағына оқырмандар қарсы емес, 

дәнеңе  демейді.  Бұдан  басқа  Меңтай  ұшыраған  тағы  екі  трагедиялық  хал 

бар:  бірі  оның  Тұмажанның  торына  түсіп  қалуы,  екіншісі  өлімі.  Көп  жұрт, 

әсіресе,  Меңтайдың  өліміне  өкінеді.  Меңтайды  өлімге  кәрі  де,  жас  та 

қимайды.  Көп  жастар  Меңтай  өлімін  жылап  отырып  оқығандарын  жазады. 

Ал  Павлодар  облысының  Майқайың  поселкесінде  тұратын  пенсионер  қарт 

Кәрібай  Уайысов  бұл  туралы  өз  хатында  былай  дейді:  «Жолдас  Әзілхан 

Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деген романын түгел оқып 

шықтым.  Жақсы  жазылған.  Менің  сіздерге  хат  жазып  отырған  себебім, 

романға сын айту емес, Меңтай өлімінің қайғылы екенін айту. Сондай абзал 

жаратылған адамның өлді деген жерін оқығанда не болып кеткенімді өзім де 

білмеймін. Жүрегім әлсіреп, сасқанымнан дәрі ішіппін». Немесе Қызылорда 

облысының Жаңақорған станциясының тұрғыны Қылышбек Бейсекеев былай 

деп  жазады:  «Өмірімде  қолыма  қалам  ұстап,  шығарма  талдап  немесе  пікір 

айтып  көрген  жоқ  едім.  Әзілхан  Нұршайықовтың  «Махаббат,  қызық  мол 

жылдар»  деген  романын  оқып,  қатты  толғаныс  үстінде  қалдым.  Мейлі, 




450 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет