Әдеби KZ
оған Ербол – Сәлима, Бүркітбай - Сәлима, Меңтай – Тұмажан, Заман – Тана
линиялары қосылды. Белгілі бір дәуір – Отан соғысы кезінің қиындығы, одан
кейінгі ауыртпалық туралы шығарма жаза отырып, сол кезге тән бұл
оқиғалардан аттап кете алмайтын болдым. Оның үстіне Меңтай мен
Ерболды, олардың қасындағы басқа жанама кейіпкерлерді сол 40-
жылдардың дәрежесінде қалдыру керек пе деген сұраққа да көп ойлануға
тура келді. Қалдырсам 70 жылдың жастарына ол ұнай ма? Бұл кітаптың
оқырмандары сол Меңтай мен Ерболдың, солардың тұстарының балалары
болады.
Олардың әке-шешелерінің махаббатын әрі таза күйінде, әрі өздеріне үлгі ете
көрсету міндет. Қазіргі жастардың білім дәрежесі де, сыншылды көресі де
өте жоғары. Бұлар жоқшылық дегеннің не екенін білмей, молшылық
дүниесіне балықтай жүзіп келе жатқан жандар. Олардың махаббат
жайындағы түсінігі де өзгешерек. Осылардың бәрін елеп, ескеру, ерекше
қажет болды.
1969 жылдың басында алған демалысымда шығарманы аяқтай алмаған соң,
сол жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істей жүріп, кештетіп соған үңілумен
болдым. Ақыры 1969 жылдың аяғында бір айлық кезекті демалысымды
алып, 1970 жылдың 19 қаңтарында кітаптың соңғы нүктесін қойдым.
Кітаптың әр тарауын жеке новелла етіп аяқтап отырдым. Шамасы келсе әр
тарау келесі тарауға жетекші болсын. Шамасы келмесе, біткен бір тарау өз
алдына жеке әңгіме сияқтанып қалсын дедім. Өйткені осы күнгі оқушының
кез-келген романды басынан аяғына дейін оқып отырарлық шамасы жоқ.
Қолына тиген романның бір тарауын оқып, тартпаса тастай салуы да мүмкін.
Мен кітабымның ең жоқ дегенде оқушы шыдамы жетіп оқыған тарауы
ойында қалуына тырыстым. Ол үшін оның оқиғасы қызықты, тілі тартымды –
екеуі де өмірдің өзінен алынған шындық болуына көп назар аудардым.
447
Достарыңызбен бөлісу: |