Әдеби KZ
«Лениншіл жасқа» өлеңдерімді апардым. Ешқайсысы баспады. «Мынауың
бықып тұрған фольклор көрінеді. Фольклордың заманы өткен, шырағым. Бұл
түріңменен ешқашанда ақын шықпайды» десті. Бұрынғымның барлығы бос
әурешілік екеніне сонда ғана көзім жетті. Сөйтіп, албырт, жас кездегі
ақылсыздығымнан ақын бола жаздап, аз-ақ қалдым.
Осыдан кейін өлеңмен үзілді-кесілді қош айтысып, журналистік жолға
біржола бет түзедім. Прозаның ауылы жаққа да алыстан көз салып жүрдім.
Ал поэзия, алғашында уәдесін беріп, үміттендіріп, басқа біреуге күйеуге
шығып кеткен қыздай болып, көңілімнен де, көкейімнен де біржола алыстап
кетті.
Сұрақ: Осы роман қалай туды? Қанша уақытта жазылды?
Жауап: Мен ұзақ уақыт журналист болдым. Тек қана журналистика
жанрларымен: бас мақала, сын мақала, очерк, рецензия жазумен
шұғылдандым. Ал әңгімені ауызша ғана айтатынмын. Ауызша айтатын
әңгімелерімнің тақырыбы лирикалық, сатиралық, әзіл- қалжың түрінде боп
келе беретін. Ұзақ жол жүріп келе жатып машина ішінде, дастархан басында,
демалыс үйінде тынығушылар арасында айтатын ондай әңгімелерім
бірнешеу еді. Олар «Ботакөз», «Жемпір», «Әтір», «Алтын сағат», «Үлкен
жазушының жанында», «Аупартком секретары туралы баллада», «Қызыл
көрпе» т.б. болатын. Осылардың бірсыпырасын кейін жолдастардың
кеңесімен қағазға түсіріп, газет-журналдарға жарияладым. Кейбіреулері
кітапқа да кіріп кетті. Тек сонау 1945–1949 жылдардағы студенттік өмірдің бір
сәтіне ғана құрылып, кейін әлденеше рет өңделіп, жөнделіп, толықтырылған
«Қызыл көрпе» әңгімесі ұзақ уақыт қағазға түсірілмей, ауызша айтылумен
келді. Оның қысқаша мазмұны мынадай еді: соғыстан келген солдат –
студент өзімен бірге оқитын қызды сүйеді. Қыз да жігітті жақсы көреді. Жігіт
444
Достарыңызбен бөлісу: |