Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет441/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

сегізінші  жылдың  кезекті  демалысын  «Жастық  жыры»  деген  жаңа  атпен 

ауызша «Қызыл көрпе» аталып келген осы әңгімеге жұмсамақ болдым. 

Алғашқы  жоспарым  бұрын  жарияланған  «Махаббат  жыры»,  «Ботакөз», 

«Әсем»,  «Ескі  дәптерге»  енді  «Жастық  жырын»  қосып,  замандастар  жайлы 

шағын,  бес  повестен  құралған  роман  жасау  болды.  Осы  арада  бұл 

шығарманың  қай  жақтан  баяндалатыны  да  белгілі  болып  қалды.  Өйткені 

оған  дейінгі  шағын  повестердің  бәрі  де  бірінші  жақтан  баяндалатын. 

Солардың  бір  бөлігі  болғандықтан,  мұны  да  солай  етудің  қажеттігі 

айқындалды. 

Бұған дейін де мен бұл әңгімені қағазға түсіремін деп бір-екі рет талаптанған 

болатынмын.  Бір  рет  бастағанымда  журналист  Ербол  Алматыдан  келген 

жазушымен  екеуі  тың  жерлерді  аралап  жүріп,  ауатком  председателінің 

кабинетіне  қонады.  Сонда  Ербол  астана  жазушысына  өз  өмірін  баяндап 

береді.  Екіншісінде  ол  кабинетте  емес,  далада,  машина  ішінде  баяндайтын. 

Ал  үшінші  жолы  оны  кабинетте  де  емес,  машина  ішінде  де  емес,  өзен 

жағасындағы  шопан  үйінде  жатып  баяндайтын  еттім.  Бірақ  кітап  біткеннен 

кейін  оның  басталуын  тағы  да  өзгертуге  тура  келді.  Бір  кездескенімізде 

жазушы  Мырзабек  Дүйсенов  екеуміз  жалпы  романның  атын  не  деп  қоюды 

ақылдастық.  Ол  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  деп  қоюға  кеңес  берді. 

Осыған тоқтадық. Осы атпен «Жазушы» баспасының 1970 жылғы жоспарына 

15 баспа табақ роман беремін деп мен заявка жасадым. 

Ал  ауызша  айтқанда  20-30  минутта  аяқталатын  «Қызыл  көрпе»  әңгімесі 

«Жастық жыры» деген атпен қағазға түсе бастағанда шағын повесть көлеміне 

сыймай,  шырқап  кетті.  Бір  ай  демалысымда  оны  бітіре  алмадым.  1969 

жылдың басында тағы бір ай демалыс алып, тапжылмастан отырдым. Онда 

да  бітпеді.  Жазған  сайын  жаңа  линиялар  қосылып,  шығарманың  арқауы 

қалыңдай берді. Бұрын әңгіме Ербол мен Меңтай арасында ғана болса, енді 




446 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет