Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет444/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жауап:  Бұл  романды  жастар  өмірінен  алып,  жастарға  арнап  жазған 

мақсатым,  бұрынғы  ата-бабаларымыздың  мекеніне  ұя  салып,  бүгінгі  біздің 

орнымызды басатын, ісімізді жалғастырып, алға апаратын болашақ ұрпаққа, 

солардың  жүректерінде  асыл  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуына 

титтей  де  болса  өзімнің  себебімді  тигізуге  ұмтылу  еді.  Біз  –  ата-ана,  жан 

жүрегімізді  жарып  шыққан  жас  қауымның  жақсы  болуын  тілейміз.  Солар 

әділ, адал болып өссе екен дейміз. Баяғы Төлеген ағаларындай уәдеге берік, 

Жібек  апаларындай  ақылды,  жаугершілік  жағдайға  душар  болса,  сонау 

Қарақыпшақ Қобыландыдай қаһарман батыр, кешегі Төлеген Тоқтаров, Әлия 

Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова  сияқты  отаншыл,  ержүрек  болса  екен  деп 

арман  етеміз.  Өз  жүрегіміздегі  сол  арманды  мен  жастарға  қалай  жеткізсем 

деп толғандым. 

Сонда  осы  ойдың  бәрін  оларға  бір  ғана  махаббат  деген  асыл  жібекке  түйіп 

беруді  мақұл  көрдім.  Өйткені  саналы  өмірдің  бар  қызығы  махаббатқа 

тіреледі.  Махаббатқа  соқпай  кететін  сезім  аз.  Анаға  сүйіспеншілік,  жарға 

құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштық сезімдерінің бәрі 

махаббатқа  байланысты.  Адам  бойындағы  ең  асыл  сезімдердің  бірі 

адамгершілік  сезімі  де  махаббатпен  сабақтас.  Өйткені  махаббат  қадірін 

білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің 

жүрегіне  асыл  махаббат  ешқашанда  ұя  салмайды.  Мінеки,  осы  себептен  де 

мен  жастардың  жүрегіне  махаббат  арқылы  жақындауды  мақсат  еттім. 

Кітабымның негізгі арқауын махаббат ете отырып, жастарымыздың жанына, 

жүрегіне,  ойына  қарапайым  халқымыздың  кейбір  асыл  қасиеттерін:  ананы 

ардақтаушылық,  қызды  қадірлеушілік,  алған  жарын  жанындай  сүюшілік, 

ағаны  құрметтеушілік,  сертке  беріктік,  ұйымшылдық,  бірлік-бірауыздылық, 

бауырмалдық  сияқты  советтік  моралімізге  сай  келетін  дәстүрлерін  сіңіргім 

келді. 



449 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет