Әдеби KZ
Меңтай өлді дейік (жоқ, «өлді» деуге ауыз бармайды: оны өлді дегенше әлгі
батырдың жолдасы болмай кеткір Тұмажанды өлтіру керек еді). Бірақ
«өлгеннің артынан өлмек жоқ» деген бар емес пе? Ендеше Ерболдың содан
бергі өмірінен оқушыға екі-үш бет қана хабар беруге болар еді ғой. Сосынғы
бір айтарым: біздің ауылда осы кітаптың ішіндегі «Апамның айтқандары»
деген нақылдарды қойын кітаптарына көшіріп алған адамдарды көрдім. Бұл
да Меңтайды сыйлағандықтың белгісі деп білдім». Мінеки, оқырмандардың
пікірі - Меңтайдың тағдыры туралы екі ұдай: біреулер өлгенін дұрыс көреді,
біреулер тірі қалдыру керек еді деседі. Бірақ қанша қиналып,
қынжылғандарымен көпшілік оқырмандар оның өлгенін дұрыс санайды.
Шынымды айтсам, мен Меңтайды «өлтіремін» деп ойлаған жоқ едім.
Алғашқы жоспарымда Меңтай Ерболмен қосылмайтын, Тұмажан опасыз боп
шыққаннан кейін басқа біреумен тұрмыс құрып кететін. Содан жиырма жыл
өткеннен кейін Жоғарғы Советтің сессиясы кезінде депутат Меңтай мен
журналист Ербол екеуі астанада кездесетін. Бірақ «Татьяна менің еркімнен
тыс ерге шығып кетті» деп Пушкин айтқандай, Меңтай да менің еркімсіз
Ерболға шықты, онымен аз уақыт қана тәтті дәурен сүріп, дүниеден қайтты.
Меңтайдың күйін кешіп, осы күні тірі жүргендер де бар өмірде. Ендеше оны
романдағыдай қайғылы халге ұшыратпауға да болатын еді. Бірақ романның
мазмұнын «Меңтай жақсы қыз еді. Алғашында адасты. Артынан бақытты
болды» деген сөздерге ғана сыйдырсақ оқушы соған иланар ма еді?
Иланбауы мүмкін. Өйткені өмірде екінің бірі бақытты бола бере ме? Қазір
ғашықтарға ешбір бөгет жоқ: заман дұрыс, заң әділ дегенімізбен, әлденелер
бөгет болып, әркім әртүрлі себеппен арманда кетіп жатпай ма?
Романда Заман мен Тана мақсаттарына жетіп, бақытты болады. Оның үстіне
Ербол мен Меңтайды бақытты етіп қойсам, тым тәтті болып кетпей ме? Міне,
451
Достарыңызбен бөлісу: |