Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет448/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тіпті,  қол  жұмсап,  ұратын  болды.  Осылай  да  осылай,  зорлыққа  душар 

болдым  деп  талай  рет  жалынып,  жылап,  шынымды  айттым.  Бірақ  оған 

күйеуім сенбеді. Сенің бұрын ғашықтарың болған, пәктігіңді солардың біріне 

сыйлағансың деп, ол өз сөзін айтатын болды. Кей күндері үйге қонбайтынды 

шығарды. 

Күйеуім  –  жоғары  білімді  зоотехник.  Алғашында  оқыған  жігіт  қой,  ескі 

салттардың  жөн-  жосығына  мән  бермейтін  шығар  деп  ойладым.  Оған 

уәдемді берсем де, ұрлық қылған кісідей, өмірлік жан-жарыма ақаусыз жете 

алмағаныма  қиналып,  қысылған  едім.  Ақыры  ойлағанымдай  болып  шықты. 

Сөйтсем  оқыған  жігіттердің  өздері-ақ  студент  күндерінде  көрікті  қыз 

кездессе, 

қызыл 

көрген 


қарғадай 

шуласып, 

таласып, 

төбелесіп 

жүргендерімен,  кейін  үйленген  кездерінде  алған  қыздарының  сызаты  жоқ, 

шыныдай  мөлдірлігін  талап  етеді  екен.  Алған  қыздары  көңіліндегідей  боп 

шыққан  жігіттер  қуана  құжыңдап,  алтын  тапқандай  мақтанышын  сездіріп 

жүрсе,  ондай  болмағандар  өз-өзінен  тұнжырап,  суық  тигендей  шытынай 

беретінін  байқадым.  Тегі,  күйеуім  мені  сүймейтін  шығар,  шын  сүйген  адам 

ондайға  қарамау  керек  қой  деп  те  ойладым.  Қайдан  білейін.  Осыны  күздің 

күніндей тұнжыратпай, біржола ажырасып кетсем бе деп те оқталдым. Ерден 

шыққан  әйелден  ешкім  пәктік  талап  етпейді  ғой.  Дәм  жазса  тағы  біреуге 

қосылармын  дедім.  Бірақ  олай  етуге  елден  ұялдым,  өзім  оқытып  жүрген 

шәкірт  балалардан  қысылдым.  «Пәленше  мұғалім  күйеуінен  ажырасып 

кетіпті» деген қаңқу сөзден қорықтым. 

Өстіп дел-сал болып жүргенімде бір күні түнде күйеуім мас боп, менің бала 

күндегі жолдасым деп үйге бөтен біреуді ертіп келді. Оған төсек салдырып, 

маған соның қасына жат деп итермеледі. «Бұл маған келген кезде қыз емес 

болатын, бүгін сен қойнына жатып шық» деп оған ыржалақтады. Мен жерге 

кіріп  кете  жаздадым.  Бұл  қорлықты  көргенше  өлейін  деп,  қыстың  аязында 




453 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет