Әдеби KZ
Енді сол прототиптердің немесе жартылай прототиптердің бас-басына жеке
тоқтайын.
Меңтай бейнесінің соңғы жақтары қайдан, қалай алынғанын оқушы
жоғарыда аңғарған болар. Ал ол бейненің алғашқы бөлігінің - бала, пәк
Меңтайдың прототипі сол кезде бізбен бірге оқыған бір қыздың өмірінен
алынған. Оның ағасының өлгені, соғыстан келген бір жігіттің мен ағаңмен
жолдас болдым, ағаң өлерінде сені маған тапсырып кеткен деп ол қыздың
уәдесін алғаны, «сен уәдеңді бұзба, бұзсаң өлтіремін» деп мейрам сайын
Алматыға келіп, қызбен кездесіп жүргені рас. Артынан оның елдегі сиыры,
үйі бар жесір келіншекке үйленгені, сберкассада қызмет етіп, облигацияға
подлог жасағаны үшін сотталып кеткені де шындық. Меңтай прототипіне
алынған қыз – қазір екі баланың анасы, орта мектептің мұғалімі. Жолдасы –
ағарту қызметкері.
Ерболдың прототипін күнде көремін, екеуміз бір мекемеде қызмет істейміз.
Әсіресе таңертең асығып, жұмысқа келген бетте шаш сипау үшін айна
алдында жүздесіп, жымыңдасып та қаламыз. Оның төрт баласы, әйелі бар.
Оны көргенде: «Сен кітаптағы Ербол менмін деп мақтанасың. Бірақ,
жазушының әр шығармасында өз өмірінің элементтері араласа жүретінін,
ендеше Ербол бейнесінде менен де титтей бірдеңе бар екенін оқырмандар
да сезетін шығар» деп қоямын. Расында да кейбір оқырман Ербол мен
авторды бір адам деп есептейтін көрінеді. Ал көптеген оқырмандар Ерболды
өмірде бар, тірі адам деп те ұғынады. Сондықтан да олар баспаға жолдаған
өз хаттарының сыртына «Ербол Есеновке тапсырылсын» жазады.
Заман мен Тана туралы. Заманның прототипі екеу. Біреуі 1941 жылы немістер
тұтқиылдан шабуыл жасағанда Бреет түбінде тұтқынға түсіп, 1945 жылы
майда әскери тұтқындармен бірге біздің қолға өтіп, кейіннен сотталған жігіт.
Ол Орал қаласында шахтада жұмыс істеген. Жігіттің сүйген қызы оны артынан
461
Достарыңызбен бөлісу: |