Әдеби KZ
іздеп барып, қосылып, екеуі балалы-шағалы боп бірнеше жылдан соң елге
келген. Бірақ бұл қыз ЖенПИ-де оқымаған, орта біліммен ауылда мұғалім
боп жүрген еді. Заманның екінші прототипі белгілі халық ақыны Сапарғали
Әлімбетовтың жалғыз ұлы, 1943 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жас
ақын Маман болатын. Маманның да шын сүйіп серттескен қызы бар еді.
Міне бұл қыз ЖенПИ-де оқыды. Егер Маман жоғарыдағы жігіттің жағдайына
ұшырап, аман қалса, бұл қыздың да оны жер түбіне болса да іздеп барары
кәміл еді. Бұл кісі де кейін тұрмысқа шыққан, балалы-шағалы, жанды-жақты
дегендей, үлкен жанұя болды. Қазір ерімен екеуі де орта мектепте мұғалім.
Романдағы Заман мен Тана бейнесі осы екі жігіт пен екі қыздан алынған
болатын. Ал Ербол мен Тананың соғыс кезінде кездесіп, екеуінің үш күн бірге
болғанын суреттейтін достық, адалдық, адамгершілік жыры өмірде шын
болған, нақты оқиғаға негізделген еді. Бұған кейбір кексе кісілердің
сенбейтіні байқалады. Оған мен не айта аламын. Қолына тиген кітап жайы
оқырмандардың еркі ғой, әрине.
Зайкүлдің прототипі бар десе де, жоқ десе де болады. Бар деуге болатыны,
соғыс кезінде сезімі ерте оянып, еркек көрсе қылмыңдай бастайтын кейбір
қыздардың болғаны рас.
Сондайлардың біреуі ЖенПИ-ден қуылып, университеттің біз оқып жүрген
группасына да келген болатын. Ол қыздың жатақханада сол кезде жана ғана
шыққан «Алтын кілт» деген кәмпитті бір-біріне жем берген көгершіндей
болып, жігіттердің аузынан (бір ұшын қыз, екінші ұшын жігіт тістеп) сорып
отырғанын да көргенбіз. Зайкүлдің бейнесін жасарда сол қыз ойыма түскен
де болар. Бірақ сол қыздың кейін қайда кетіп, қазір қайда жүргенін, тіпті,
бар-жоғын да білмеймін. Зайкүлдің прототипі жоқ десе де болады дейтінім,
ол бейненің бойына осы күнгі кейбір қыздарда кездесетін кемшіліктерді
және қостым.
462
Достарыңызбен бөлісу: |