Әдеби KZ
Енді романдағы прототипі жоқ бейнелерге келейік. Олар Бүркітбай мен
Сәлима.
Бұл екі бейненің екеуі де ойдан жасалғанымен, оқырмандар Бүркітбайға
лағынет айтып, Сәлимаға шын жүректерінен аяныш білдіреді. «Сәлима
сияқты, аюға қосақталған аяулы жандар біздің ауыл, ауданымызда да бар»
деп жазады. Мұның өзі бұл екі бейненің мен өзім көрген прототиптері жоқ
болғанымен, жұрт көрген, ел білетін прототиптері бар екенін көрсетеді.
Кітапта өз атымен аталған кейіпкерлердің бірі Майра Ыбыраева (кітапта –
Абаева). Ол қазір педучилишенің оқытушысы. Майрамен кітап шыққаннан
кейін тағы бір кездестім. Сол жолы: «Мынау Майра деп отырғаны мен
шығармын деп, көңілім тасып, аяқ басымым шапшаңдап, қыз күніме
жетпесем де, келіншек күйімдегідей халге келдім.
Бес балам ер жетіп, өз алдына отау болғанда солардың үйлерінің бірінші
жасау – мүлкі болсын деп, бесеуіне арнап бес кітап сатып алдым. Алтыншысы
мынау Уәкең екеуміздікі, Осыларға автограф жазып бер» деп, Майра алты
кітапты алдыма жайып тастады.
– Осы Майраның шын сөзі, шын сезімі, – деп жолдасы басын изеді.
– Кітабым жастардың жасауына жараса, неге автограф бермейін, − деп, мен
оның біріншісіне мынадай деп сөздер жазып, қолымды қойдым: «Бұл
кітапты осы романдағы тікелей өз атымен атаған кейіпкерім, соғыстан кейінгі
ауыр жылдарда университеттің азынаған аудиториясында аш отырып, бірге
лекциялар тыңдаған ескі досым, қазіргі педагог, асыл ана Майра Ыбыраева
мен оның жан жары абзал азамат Уәкеңе шын жүректен сыйладым.
1 желтоқсан 1970ж., Жамбыл қаласы».
465
Достарыңызбен бөлісу: |