Әдеби KZ
− Ассалаумағалейкүм, Тәке, мынауыңыз не?
Тәкен сәлем алмастан бұрын кездесушіге қарсы сұрақ қойды.
− Сен Нұршайықов деген жазушыны білесің бе?
Алматыда тұратын үш жүздей жазушыны жұрттың бәрі тегіс біле бере ме,
алғашқы жолыққандардың бір-екеуі «білмеймін» деп жауап береді.
– Онда жүре беріңдер, сендердің керектерің жоқ, – деп Тәкең ілгері кетеді.
Тағы да таныстар кездеседі. Сәлем бергеннің бәріне Тәкең жаңағы сұрағын
қайтадан қояды.
– Е, білемін, аға.
– Білсең мына кітап соныкі. Оқы, ішінде мен бармын, – деп алшаңдай басып
жүре береді.
Сөйтіп ол үйіне жеткенше қолтығында екі-ақ кітап қалады. Осыны Алматыға
келгенде Тәкеннің әйелі Сәуле айтып, біздің ішек-сілемізді қатырғаны бар.
Кітапқа кірген «Тоғжан» деп аталатын новелла – тарауда аталатын
адамдардың бәрі де өмірде болған, кейбіреулері қазір де бар адамдар. Олар
неміс фашистеріне қарсы күресте ерлікпен қаза тапқан кіші командирлер:
Айтқали Құсайынов, Нәсіп Қалиев, Әбдірахман Бимурзин, Сенбек
Молдабаев, Мәншүк Мәметова, офицерлер Қажым Көшеков, Жамалхан
Жамалбеков, Ақыраш Андиров, подполковник Әбілқайыр Баймолдин – бәрі
де біздің құраманың түлектері болатын. Бұл солдаттар туралы емес,
студенттер жайлы кітап болғандықтан, оқырмандарды жалықтырмау үшін
соғыс көріністерін мысалдап қана алдым. Сол алған жерлеріме ен жоқ
дегенде өз кітабымда аттары атала жүрсін деп, Отан соғысында опат болған
азаматтардың аты-жөндерін сыналап кіргізіп отырдым. Осы тарауда аты
аталған Ризуан Қалиев қазір бір облыста колхоз агрономы болып қызмет
467
Достарыңызбен бөлісу: |