Әдеби KZ
Сұрақ: Роман желісіндегі әр алуан махаббат линияларының бірінен жазушы
М.Иманжановтың «Есеновтың тағдыры» дейтін әңгімесіне ұқсастық
аңғарылады. Осы неден?
Жауап: Мен қазіргі қазақ жастарының өмірін жырлаған жазушылардан екі
адамды ерекше бағалаймын. Олар – Саттар Ерубаев пен Мұқан Иманжанов.
Біріншісін көре алғаным жоқ.
Ал екіншісімен 1954 жылдың күзінде бірінші рет жақын танысуымның сәті
түсті.
Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің жолдамасымен тың игерушілер
өмірінен шығарма жазуға Павлодарға келген Мұқан Иманжановқа серік
болып (ол кезде мен Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы
едім), тың игеруші жаңа совхоздарды араладым. Бірнеше күнге созылған сол
сапарда Мұқан менің «Шешен», «Қызыл көрпе», «Командировка» сияқты
ауызша әңгімелерімді айтқызып, тыңдады. «Сен өзің дайын жазушы екенсің,
осы айтқандарыңды қағазға түсір» деп кеңес берді. Ал қисаң «Қызыл
көрпеңді» маған бер, мен әңгіме жазайын. Қимасаң оны да өзің жаз деді.
Әрине жақсы көретін жазушың қолқаласа, оның үстінде жазылмаған әңгімең
болса, оны кім қимайды. Алыңыз дедім. Жазғандарымды Алматыға, тура
Иманжановтың өзіне жіберуге және уәде еттім.
Мұқан менен алған сол сюжетті «Есеновтың тағдыры» деген әңгіме етіп,
«Тыңдағылар» атты кітабына кіргізді. Мінеки, Иманжанов екеуміздің
арамыздағы
творчестволық
достық
осылай
басталады.
Мұқан
Иманжановтың тікелей қамқорлығымен 1956 жылы «Алыстағы ауданда»
деген атпен менің тұңғыш очерктер жинағым жеке кітап боп басылып
шықты.
469
Достарыңызбен бөлісу: |