Әдеби KZ
Ескі орындарды аралай жүріп, мен кітабымның бас қаһармандарының бірі
Ербол Есеновтың қандай болуы керектігін ойладым. Сөз жоқ, ол Ұлы Отан
соғысына барып, жауды жеңіп қайтқан саналы қазақ жастарының жиынтық
бейнесі болуға тиіс. Сондықтан да Ербол кітаптың алғашқы беттерінде Ұлы
жеңіске семіріп, туған жеріне, арман- астанасына сағынышпен жетіп,
романтикалық күйде жүрген солдат күйінде суреттеледі.
Мысалы, оның Совет көшесін бойлап университетке келе жатуы, оның тас
баспалдағына табаны тигендегі жан тебіренісі, университетке қабылданып,
деканаттан шыққанда өзін асқар Алатаудың үстіндегі ақ бұлттардың
төбесінде қалықтап ұшып жүргендей сезінуі осыны дәлелдейді. Алғашқы
лекция үстіндегі оның қыздар туралы лирикалық ойы, группадағы отыз
қыздың бәрін бірдей ақылды, бәрі бірдей сұлу деп есептеуі осының айғағы.
Әрине, төрт жыл қанды қырғынға қатынасып, соғыс күнделікті ісі боп кеткен
адам оның үйреншікті әдеттерінен бірден арыла алмайды. Сондықтан да
Ербол алғаш аудиторияға кіргенде өзіне қадалған отыз қыздың көзін түнде
жау самолетін іздеген прожекторлардың айқыш-ұйқыш сәулесімен
салыстырады. Алғашқы лекцияға келген оқытушы аты-жөнін сұрағанда ол
орнынан атып тұрып: «Сержант Ербол Есенов» деп тақ-тұқ жауап береді.
Соғыста болмаған, әскер тәртібін білмейтін оқытушы түрегеп тұрған солдатқа
«отыр» деп айтпай, лекциясын ары қарай жалғастыра бергенде Ерболдың
рұқсатсыз отырмай, қақиып тұрып қалуы – міне, осының бәрі әскери дағды.
Ерболдың сол қақиып тұрғаны көлденең жұртқа күлкі боп көрінгенімен, сол
сәттің көп сыры бар. Бұл біріншіден, Ерболдың бойына әскери тәрбиенің
мықтап сіңгендігін көрсетеді. Ал Ұлы Отан соғысының жеңісі әскери уставтың
талаптарын адал көңілмен атқаратын Ербол сияқты солдаттардың
табандылығымен келген. Егер Ерболға қаптап келе жатқан қалың жаудың
алдынан зеңбірекпен не пулеметпен жеке қалып, жалғыз шайқас десең,
458
Достарыңызбен бөлісу: |