Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет450/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сізден  өтініш,  менің  күйеуіммен  оңаша  сөйлесіп,  осының  бәрін  айтыңыз. 

Алдымен арақ ішкенді қой деңіз. Бар бәле содан басталады. Осыған уәдеңді 

берсең  мен  сені  масқаралап,  газетке  жазбаймын  деңіз.  Ол  осыған  көнсе, 

газетке жазбай-ақ қоюыңызды сұраймын. 

Әрине, мен келіншектің күйеуімен де сөйлестім. Ол уәдесін берді. Бірақ осы 

оқиға  менің  есімде  сақталып  қалды.  Мінеки,  романдағы  Меңтайдың 

тағдырын  немен  тындыру  керек  деп  толғанғанда  бұл  жай  ойыма  оралды. 

Келіншектің сонда айтқан: «Тегі, күйеуім мені сүймейтін шығар, шын сүйген 

адам ондайға қарамауы керек қой деп ойладым» деген сөзі бір шындықтың 

шетін аңғартқандай болды. Меңтайды Ерболға қосу туралы ой осыдан туды. 

Ал халқымыз ежелден ұлын адал, қызын пәк етіп өсірген. Өйткені пәктік жас 

жұбайлардың  бір-біріне  болашақ  қадір-құрметінің,  достық-сыйластығының, 

риясыз  берілгендігінің  басы  деп  білген.  Ендеше  біз  өз  ұрпағымызды  aтa-

бабамыздың  бүгінгі  коммунистік  моральға  жақын  келетін  осы  дәстүрі 

негізінде  неге  тәрбиелемейміз?  Осы  мақсат  үшін  қимасам  да,  қиналсам  да, 

оқушы  жан-тәнімен  жақсы  көрген  ақылды  ару  Меңтайды  құрбан  еттім.  Бұл 

«қаталдығым» үшін оқырман қауымнан кешірім өтінемін. 

Бұл  арада  менің  ұзақ  жыл  очеркист  болғаным  да  кінәлі  ме  деп  ойлаймын. 

Өйткені  очеркист  өмірде  болған  оқиғаны  ғана  суреттейді,  фактіні  ғана 

шамалайды.  Тегі,  менің  ескі  кәсібіме  тартып,  Меңтай  басынан  өткен 

трагедиялық халді өмірде шын болған оқиғаға негіздеп жіберуім де ықтимал. 

Қалай  дегенмен  де  мен  автор  ретінде  Меңтайға  разымын.  Өзі  өлсе  де 

көңіліндегі  сабағын  беріп  тынды.  Адалдықтың,  адамгершіліктің,  достықтың, 

асыл жардың әнін өзінше шырқап өтті. Менің жақсылығымнан үлгі алыңдар, 

қатемді  қайталамаңдар  деп  кетті.  Ол  өзінің  қоғамшыл,  көпшіл  ісімен,  әділ 

адалдығымен әр оқырманның көңілінде қалды. 



455 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет