Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет447/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

осындай  толғаныс  үстінде  Меңтайды  трагедиялық  халге  жеткізу  жайында 

еміс-еміс ой келді. Оған мынадай бір себеп те болды. 

Бұл  роман  жазылмас  бұрын,  газетте  қызмет  істейтін  журналист  кезімде  бір 

жас  әйелдің  редакцияға  жазған  хатын  тексере  бардым.  Аупартком 

кабинеттерінің  бірінде  арыз  иесімен  әңгімелестім.  Қазірдің  өзінде  уыздай 

өңді  келіншектің  қыз  кезінде  керемет  сұлу  болғаны  аңғарылады.  Келіншек 

көзінің  жасын  сығып  тастап,  сұрақтарыма  жауап  берді.  Ол  өзі  облыстық 

қалалардың бірінде жоғары оқу орнын бітіріпті. Көрікті қызға көз салғыштар 

көп  болмай  ма?  Бұған  да  солай  болыпты.  Соған  мастанып,  бұл  ешкімге 

қарамай қояды. 

«Бұйырмаған  қызға  бұғалық  түспейді»  дегендей,  ешкімді  көзіне  ілмей, 

ойнақтап  жүре  береді.  Әсіресе  жұпыны  жігіт  қызға  көп  жалынады.  Киімің 

нашар,  бойың  тапал  деп  қыз  ол  жігітті  де  маңына  жолатпай  қояды.  Сөйтіп 

жүргенде қыз институтты бітіруге айналады. 

Бір  күні  кештен  бірге  қайтқан  екі  жігіт  қызды  шығарып  салмақ  болып  келе 

жатып,  алдап  бір  үйге  кіргізеді  де,  екіншісі  есікті  сырттан  кілттеп,  кетіп 

қалады.  Тағамы,  шарабы  жасаулы  тұрған  йен  үйде  әлсіз  қыз  еңгезердей 

жігітпен екі күн оңаша қалуға мәжбүр болады. Сөйтіп сақтығынан айырылған 

қыз  пәктігінен  айырылады  –  арамза  жігіттердің  шығарып  саламыз  дегеніне 

жүре  берген  сорлы  бала  осылайша  опасыздың  олжасына  айналады.  Бұл 

оқиғадан кейін қыз институтты тауысып, дипломын алып, үн -түнсіз қызметке 

жөнеледі де, барған жерінде бірінші сөз айтқан жігітке тұрмысқа шығады да 

кетеді. Бірақ шыққан жігіті мінезсіз болып кездеседі. 

–  Пәктіктен  айырылғаннан  кейін  ақтығың  адыра  қалады  екен,  ағай,  –  деді 

келіншек  тағы  да  өксіп  жылап  алып.  –  Күйеуім  мас  болған  сайын  мені 

балағаттап:  «Сен  маған  келгенде  қыз  емес  болатынсың»  деп  кінәлайтын, 



452 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет