Әдеби KZ
Бірсыпыра тарауларды кейін қайталап көшіріп, ондағы оқиға, сезім, сөз
шындығын үнемі тексеріп отырдым. Кей күндері жана материалдардан 3-4
бет жазсам, кейде жарты бетті толтыра алмай, қиналған шақтарым да болды.
Әсіресе оқушының көз алдында картина сияқты боп қалса-ау деген тұстар
тұтқыр тарта берді. Мысалы, Ерболдың ең алғаш жаңа жыл түнінде жауған
көбірек қарды боратып келе жатқан сәті. Ерболдың Меңтайға сөз айтатын
түні, Ерболдың қайта майданға кеткелі жатқанда Қарашекені шынжырлап
жатқан жері т. б. Әсіресе бұрын ауызша айтып жаттыққан жерлерім
(Ерболдың ең алғашқы аудиторияға кіруі, бірінші лекцияны тыңдауы т. б.) өте
тез жазылды.
Кітапты жазуын жазып бітсем де қолжазбамды жолдастарға көрсетуге
қорқып жүрдім.
«Ұнай ма, ұнамай ма? Ұрсып тастамай ма?» деп қымсындым. Оны алғаш
оқып, пікір айтқан, көңілімді демеп, буынымды бекіткен ақын Музафар
Әлімбаев болды. (Баспа қызметкерлері кітаптың кіріспесін ықшамдау керек
дегенде тағы да Әлімбаев сенің кітабыңның бар мазмұны Пришвиннің мына
сөзінде тұр, соған зер салшы деген кеңес айтты. Осыдан кейін алғашында
эпиграф ретінде алынған Тургенев сөзі мен Пришвин пікірін ұштастырып,
кітаптың кіріспесін қайта ықшамдадым).
«Жастық жыры» біткеннен кейін оған бұрынғы повестерді қосуға болмай
қалды. Өйткені жалғыз осының өзі баспа жоспарындағы көлемнен
көбіректеу боп шықты. Енді мұны жеке кітап етіп шығаруға тура келді. Тек
«Жастық жыры» деген аты өзгертіліп, баспаның жоспарында көрсетілген
«Махаббат, қызық мол жылдар» деген атпен шығып, «роман» деп аталатын
болды. Сонымен, осы кітаптың түбіне бірінші рет фамилиям жазылды.
Сұрақ: Роман неге тек қана махаббатқа құрылған?
448
Достарыңызбен бөлісу: |