Әдеби KZ
Сақтасын жанған оттан қағатын боп.
Тәңірім, соның дәмін халқынан жаз.
Өз көліне келгендей үйрек пен қаз.
Көпті сақта, көппенен бірге сақта.
Сөйлейтін сонан басқа сөзіміз аз.
Тана бұл бірінші өлеңді айтып болып тоқтап, көзінің жасын сүртті. Жалғыз
Тана емес, үй ішіндегілердің барлығы егіліп, жылап кеткен еді. Шалдардың
көздерінен аққан жас тарам- тарам болып, сақалдарын жуды. Кемпірлер
жаулықтарының ұшымен беттерін басып, иықтары селкілдеп, бұршақ соққан
егіндей жапырылып, төмен салбыраған бастарын көтере алмай қалды.
Әркімнің көз алдына өз жалғыздары елестеді. Ақын өлеңі барлық ата-ана
жүрегінің қылын шертіп, олардың өз жүректерінің мұңын ағытты. Әлден
уақытта шалдардың бірі бас көтерді.
– Сапакеңнің қалай өлгенін білесің бе, қарағым, – деді Танаға.
– Білемін, – деп бас изеді Тана. – «Қара қағаз» келгеннен кейін ақын ата нәр
сызбай жатып алды. Бұрынғыдай ел де араламады, өлең де айтпады. Күндіз-
түні төсегінен тұрмады. Бір күні түсте мені шақыртты. «Отыр, қарағым» деп
қасына отырғызды да, ең соңғы өлеңін жаздырды. Біздің үй ақын атаның
үйімен көрші болатын. Ақын атам баласына арнаған бар хатын маған
жаздыратын. Өзінің жаңа шығарған бар өлеңін маған көшіртетін. Осы өлеңін
айтып жаздырғаннан кейін ақын ата үш күннен кейін дүние салды.
– Е, жарықтық-ай.
– Байғұс-ай, жалғызымен бірге кетейін деген де.
174
Достарыңызбен бөлісу: |