Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет164/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Тәтемнің  «ақ  лағына»  ауылдың  бірсыпыра  кемпір-шалы  қоса  жиналған  еді. 

Ac  ішіліп  болғаннан  кейін  олар  маған  соғыс  жайында  әңгіме  айтқызып 

тыңдады. Одан кейін ауылдастарым маған үсті-үстіне сұрақтар жаудырды. 

– Немістер қандай болады екен? 

– Китлерді өзің көрдің бе? 

– Өзіңе мына күміс теңгелерді не үшін берді? 

– Ортасында Кремлі бар мынау күміс жұлдыздарың не? 

– Ал енді бұл соғыс қашан бітеді? 

–  Өзің  келдің,  өзгелер  қашан  келеді?  Қарттардың  барлық  сұрақтарына  мен 

білгенімше жауап қайырдым. 

– Ал мына қонақ бала кім? – деп сұрады одан соң кемпірлердің бірі. 

Бұл сұраққа тәтем жауап берді. 

– Бұл баланың аты Тана, ауданның мұғалімі, – деді тәтем. - Осы күнгі оқыған 

балалар  бірін-бірі  дос  тұтып  жүрмей  ме?  Тана  мен  Ербол  екеуі  соғыстан 

бұрын қалада бірге оқыған екен. Ерболдың хабарын естіген соң, сәлемдесуге 

әдейі келіпті. 

– Бәле! 


– Жөн-ақ! 

– Көп жаса, шырағым! – деп қарттар риза болып қалысты. 

– Ал, қалқам, – деді кемпірлердің бірі, – сен бір ән айтып жібер. Жассың ғой. 

– Е, сөйтсін, – деді тағы біреу – Ерболдың арқасында қонақ баланың лебізін 

тыңдап қалайық. 



170 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет