Әдеби KZ
– Рахмет, апай, - деп тәтемді мойнынан құшақтады. Құрақ көрпенің үстіне
Тана екеуміз қатарласа отырдық.
Мен алдымен, үй оңашада Танаға айтатын жұбату сөздерімді ойлап отыр
едім. Тәтем сыртқа шығысымен сөзді Тана бастап кетті.
– Ал, Ербол, сен соғыста жүргенде үйде шешең қайтыс болды, түзде әкең
опат болды. Жан досың Заман да жау қолынан қаза тауып, қайтпас сапарға
ол кетті. Сен туған жеріңе майданда, қасыңда өлген өзге дос-жарандарыңды
былай қойғанда, осы үшжақын адамның ауыр қазасын арқалап кеп отырсың.
Мен саған сәлем соңынан көңіл айта келдім.
Арқаңдағы ауыр қазалар жүгін бір күн де болса бөліп көтерісейін деп,
лаулаған отқа қарлығаштың қанатымен сепкен суындай болса да, көңіл
медеу боп, септігімді тигізейін деп келдім. Ата-анаңның, адал досыңның арт
жақсылығын берсін...
Осылай деп Тана қалтасынан орамалын алып, бетін басып, өксіп жылап қоя
берді. Менің де көзіме жас келді. Аузым кемсеңдеп отырып мен оған көңіл
айттым.
– Заман менің жан досым болса, сенің де жан досың еді. Тек дос қана емес,
жан жарың еді, Тана. Мен де саған көңіл айтамын, – дедім қыстығып отырып.
Сәлден соң көзімнің жасын тежеп, бойымды жиғандай қайта сөйледім. -
Әкемнің жаманатын үйден естідім. Заманның суық хабарын хат арқылы сен
жеткіздің, Тана. Екеуінен де маған үзбей келіп тұратын үшкіл хаттар пышақ
кескендей тыйылып қалды. Көзбен көріп, қолмен қоймағандықтан ба,
қайдан білейін, әкем мен Заманның өлгеніне әлі күнге дейін сенерімді де,
сенбесімді де білмеймін.
168
Достарыңызбен бөлісу: |