Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет161/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Рақмет,  -  дедім  мен  оған  жымия  қарап.  Менің  бұл  сөзімді  де  екі  түрлі 

түсінуге болатын. 

Онда  амандаса  білгеніне  немесе  амандаса  келгеніне  рахмет  деген  мағына 

барды. Оны Тана бірден аңғарып, жауап берді. 

– Оған рахмет айтпай-ақ қой, Ербол, - деді қыз. – Сен жүз көрісемін, еліммен 

сәлемдесемін  деп  ауылыңа  сонау  қан  майданнан  келгенде,  саған  қарыс 

жерден  келіп  біз  амандаса  алмасақ  кісілігіміз  қайсы,  достығымыз  қайсы! 

Екеумізді  бірдей  директор  босатпады  да,  Хадиша  қалып  қойды.  Саған  көп-

көп  сәлем  айтты.  Сенімен  бұрынырақ  дос  болғанымды  және  басқа 

жағдайымды пайдаланып, екеуміздің атымыздан мен келдім,  

Ербол. 


– Рахмет, – дедім мен тағы да. 

Тәтем орнынан тұрып, төсектен соғыстан бұрын шешем істеген құрақ көрпені 

алып, жазып төрге төседі. 

– Отырыңдар, қарақтарым, - деді екеумізге бірдей. 

–Тәте,  –  деді  Тана  отыруға  ыңғайланып,  –  сәлемдесемін  деп  қыз  басымен 

жігітті  іздеп  келіпті  деп  мені  сөге  көрмеңіз.  Ербол  біздің  үлкен  досымыз 

болған соң келдім, айыпқа бұйырмаңыз. 

–  Жо-о-оға,  қарағым.  Еш  айыбы  жоқ,  –  деді  тәтем.  –  Қайта  сонау  ауданнан 

Ерболды іздеп келгеніңе қуанып жатырмын. Қадірлес дос болған соң ұлы не, 

қызы не, шырағым-ау. 

Тәтем менің ойлағанымнан да биік боп шықты. Әсіресе, аналық, даналықпен 

астасқан соңғы сөзі қарапайым апайымның қадірін одан сайын арттыра түсті. 

Менің ризалығымды өзімнен бұрын Тана жеткізді. 



167 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет