Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет160/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Содан кейін Тананы үйге қарай бастадым. 

– Бұл сендердің бұрынғы өз үйлерің бе, Ербол? Әлде апайыңдікі ме? 

– Өз үйіміз, апайдікі де алыс емес, осы үйдің іргесінде тұр. 

Тана  да,  Хадиша  да  менің  «Ақбота»  колхозында  қандай  жақындарым  бар 

екенін жақсы білетін. Әке-шешемнің қайтыс болғанынан да толық хабардар 

еді. Бәрін өзім жазып, естірткенмін. 

– Тәте, мынау Тана деген сіңліңіз, - дедім апайыма қонақ қызды таныстырып. 

– Ауданда тұрады, мұғалім. Маған амандаса келіпті. 

–  Жақсымысың,  қалқам?  Дені-қарның  сау  ма,  үй-ішің  аман  ба?  -  деп  тәтем 

бірден іш тарта сөйледі. – Жоғары шық, қалқам. 

– Жақсы, тәте. Өздеріңіз де аман-есенсіздер ме? Бауырыңыз келіп көзайым 

болып  жатырсыз  ба?  Қуаныштарыңыз  құтты  болсын,  –  деп  тәтемнен 

қалыспай Тана да шұбырта жөнелді. 

– Өзің сәлемдесуге шебер екенсің ғой, – дедім Танаға әзілдеп. 

Тана күлді. 

– Өзге қолдан келмесе де, амандасу қолдан келеді ғой... 

Тананың  бұл  сөзінде  екі  түрлі  мән  бар  еді.  Бірі  өзінің  амандасу  жөнін 

білетінін айтқаны. 

Екіншісі,  амандасу  үшін  өзінің  алыстан  іздеп  келгенін  білдіргені.  Ауыл 

қызының  осындай  астарлы  ойға  жүйріктері  көп  болады.  Бұрын,  Тананың 

хаттарын  майданда,  окоп  ішінде  оқып  отырғанда  да  одан  шешендіктің 

жалтылдаған  ұшқындарын  көретін  едім.  Онысын  Тана  ауызба-ауыз 

сөйлескенде де бірден танытты. 




166 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет