Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет156/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Тек, тиме, – деді тәтем. – Мә, мына бір жапырақ нанды сыртқа алып шығып 

бер. 

–  Мә,  мә,  Қарашеке,  кә,  –  деп  Бақытжан  итті  еліктіре  сыртқа  қарай  жүгірді. 



Қарашеке құйрығын бір былған еткізіп, маған қарады да  «Қайтейін, әркімге 

өз тамағы жақын ғой. 

Кетпегеніңді,  туған  үйдің  төрінде  отырғаныңды  көрдім.  Енді  Бақытжанның 

қолындағы  өз  үйімнің  дастарқанына  бұйырған  несібені  жейін»  дегендей 

тырнақтары тақтай еденді тесе жаздап, сатырлата сыртқа қарай жүгірді. 

–  Қарашеке  мен  Лашын  ағаңның  жақсы  көрген  иттері  еді  ғой,  –  деді  тәтем 

әкемді есіне алып. – Ағаңнан «қара қағаз» келерде Қарашеке байғұс жаман 

ұлып, жүдеп кетті. 

– Лашын қайда? – дедім мен осы кезде сары тазы есіме түсіп. 

Әкем  қыс  түскенде  анда-санда  аңға  шығып  қоюды  ұнататын.  Сондықтан 

біздің үйде күшігінен асыраған екі ит болатын. Бір сары, бір ақ күшікті әкем 

бір  жақтан  екеуі  де  тазының  күшігі  деп  әкеліп  еді.  Қарашеке  күшік  дүрегей 

де, сары күшік құлағы пілдің құлағындай үлкен қара ауыз тазы болып шықты. 

Оны біз Лашын деп атадық. Лашын үйіне жетпей түлкі ұстады. Қарашекенің 

де  өзіндік  өнері  болып  шықты.  Келесі  бір  аңға  шыққанда  әкем  Қарашекені 

жер-суға сыйғызбай мақтап келді. Таңертең әкем Лашынды қосып, бір түлкі 

алады.  Түлкіні  ол  темір  жолдың  ар  жағындағы  Ақшоқы  дейтін  таудан 

аулайтын. Түске таман тағы бір түлкі көріп, Лашын қосылған екен, түлкі інге 

кіріп ұстатпай кетеді. Сол кезде ін аузында аңырып тұрған Лашынның қасына 

әкем  мен  Қарашеке  де  жетеді.  Қарашеке  іннің  аузын  иіскеп-иіскеп  жіберіп, 

бір-екі қыңсылайды да, іннің ішіне кіре бастайды. 

Әкем  аттан  түсіп,  мынау  қайтеді  деп  тұрады  да,  іннің  ішіне  кірсе  бір  түлкіге 

шамасы  келер  деп,  оны  тоқтатпайды.  Ит  іннің  ішіне  кіріп  кетеді.  Әлден 



162 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет