Әдеби KZ
– Сабыр, Нарша, сабыр, – деп қартаңдау әйел апайымның иығынан тартты.
– Е, қой әрі, бауыры аман келген кісі жылай ма екен? Өзіміздің бауырымыз
аман келсе, – деді жастау әйел дауысы.
Қараңғыда кімнің кім екенін біліп болмайды. Тәтемнен кейін жаңағы
әйелдер келіп, кезек- кезек бетімнен сүйді.
– Аман-саумысың, қалқам?
– Көктен түстің бе, жерден шықтың ба, қалқам-ау, осы жеті түнде қалай келіп
қалдың? – десіп жатыр олар.
– Дені-қарның сау ма, қуатым. Қол-аяғың бүтін бе, айналайын, – деп мені
шыр айналып апайым айналып-толғанып жүр.
– Бәрі бүтін, тәте, – деймін мен күліп.
– Е, немене, бауырың ақсақ боп қалды ма деп қорқып жатырмысың, – деді
жаңағы жастау әйел. – Ақсақ болса да аман келсе екен өздері.
Осы кезде мектеп жақтан даңғыр-дұңғыр сөйлескен адамдар дауысы естілді.
Үкідей ұшып жүгіріп Бақытжан келді,
– Ербол ағам келді деп, ана ауылдың бәріне хабарлап келдім, – деді ол
ентігіп.
– Ойпырай, мына қыз жаңа Бүркітбайдың басына жай түсіргендей қылды ғой,
– деді жастау әйел. – Уәкілден кейін Бүркітбай қайта сөйлеп мыжып келе
жатыр еді. Мына қыз келіп есіктен: «Тәте, жүр үйге, Ербол ағам келді» деп
шар ете қалғанда, басекең сөзінен жаңылып кетті-ау біржола.
– Нарша қозғалатын емес, сонсоң мен түрттім мұны: «Жүр, неғып отырсың,
Ербол келіпті ғой» деп.
159
Достарыңызбен бөлісу: |