Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет155/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

құлыпты  бір  тырнады  да,  қайтадан  бізді  шыр  айналып,  кез  келгенімізді 

құйрығымен сабалай бастады. 

– Ойпырай, құданың мына жаман итінің құтыруы-ай, – деді Сәукен. – Кет, әй, 

құйрығы сабаудай ғой кәпірдің. 

– Бұл байғұс осы үйдің адал күзетшісі ғой, – деді Зәлен. – Үйде ешкім болмаса 

да,  бұл  босағаны  ешкім  аттап  кірмесе  де,  әйтеуір,  осы  үйдің  жанынан 

шықпайды  ғой.  Анда-санда  көзіме  түскенде  шақырып,  тамақ  беремін. 

Тамағын іше сала осы үйге қарай жөнелгенде кейде көзіме жас келеді. 

– Е, оның дұрыс, – деп шешенсіді Сәукен. – «Иесін сыйлағанның итіне сүйек 

сал» деген бар емес пе? Әрине, жас келеді. Бүкіл ауылдың басы болған ақар-

шақар бір үйдің түтіні түтемей қалған соң, қайтсін жас келмей. 

Бақытжан кілт әкеп, әйелдер «пісміллә» деп ішке кірді. Олар шам жаққаннан 

кейін  мені  шақырды.  Керосин  шамның  қара  көлеңке  жарығында  балалық 

кезімнің бар ізі сайрап жатқан өз үйімнің төріне шығып отырдым. Бірінен соң 

бірі  ауыл  адамдары  келіп,  елдің  дәстүрлі  амандасуы  басталды.  Бүкіл  ауыл 

біздің үйге кіріп шықты. Көптен бері йен тұрған үй бір түнде базар болды да 

қалды. 


Ертеңінде  таңертең  мен,  апайым,  Бақытжан  және  басқа  кіші  жиендерім 

бәріміз  соғыс  кезінің  жұтаң  таңертеңгі  шайын  ішіп  отырдық.  Бір  кезде 

арсалаңдап, құйрығын тыным таппай былғаңдатып Қарашеке кіріп келді. 

– Есік ашық қалды ма екен, әлде мына байғұс тырмалап өзі ашып кірді ме, – 

деді апайым алдында жатқан бір жапырақ қармаға қолын соза беріп.  –  Бұл 

бейшараның сен кетіп қалды ма деп жаны шығып жүр ғой. 

– Кет, – деп қалды Бақытжан итке қолын сермеп. 



161 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет