Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет152/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

білгеннен  кейін  Қарашеке  қатты  үріп,  көрші  үйдің  алдына,  одан  терезесіне 

барды. 

Біздікімен  қатарлас  көрші  үй  әкемнің  қарындасы  Нарша  деген  апайымның 

үйі  еді.  Ай  сүттей  жарық  болатын.  Иттің  үргенін  естіп,  шашы  жалбыраған 

кішкентай  қыз  шықты.  Иен  үйдің  алдында  шошайып  жалғыз  тұрған  мені 

көріп, бала шошып қалды-ау деймін. 

– Бұ кім? – деп баж ете қалды. 

–  Қорықпа,  қалқам,  мен  Ерболмын,  –  дедім  балаға  қарай  аяңдап.  -  Өзің 

кімсің? 


– Мен Бақытжанмын, - деді қыз сенер-сенбесін білмей. Қасына таман барып, 

мені  танығаннан  кейін  «ағатай!»  деп  Бақытжан  мойныма  асыла  кетті.  Үй 

сыртынан  ентігіп  Қарашеке  келіп,  менің  мойныма  өзінің  қайта  асылуына 

орын жоқ болғандықтан, шыр айналып құйрығымен сабалай берді. 

– Тәтем мектепте жиналыста еді, – деді Бақытжан. – Бүгін колхозда жиналыс 

болып  жатыр.  Мен  тез  барып  айтып  келейін,  аға.  Бақытжан  үйге  кірместен 

мектепке  қарай  жүгірді.  Оның  соңынан  дүсірлетіп  Қарашеке  қоса  кетті. 

Біраздан  соң  ол  арсалаңдап  қайтып  келді.  «Менің  тілім  жоқ  қой,  ешкімге 

айта  алмадым  және  сені  жалғыз  қалдырғым  келмеді»,  –  деп  келгендей 

болды,  ол  маған.  Содан  соң  «жүр,  өзіміздің  үйге  жүр»  дегендей,  менің 

назарымды  өзіміздің  үйге  аударып,  қыңсылап,  соның  есігіне  қарай  қайта-

қайта  бара  берді.  Асығып  тарп-тұрып  басып,  сүрініп-қабынып  әрең  жеткен 

апайымды және басқа екі- үш әйелді Қарашеке екеуміз екі үйдің ортасында, 

мен түрегеп, итім қасымда шоқиып отырып, қарсы алдық. 

– Қуатым-ау, бауырым-ау, бармысың, қалқам! Сені де көрсететін күн болады 

екен ғой, – деп өксіп, еңіреп келіп апайым мені құшағына алды. Дауыс айтып, 

көшені басына көшіріп, айғайлап жіберді. 



158 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет