Әдеби KZ
бата разъезге болар-болмас қана кідіріп өткен поездан қарғып түсіп мен
қарсы алдымдағы қызыл шатырлы екі ағаш үйге қуана қарап, орнымнан
қозғала алмай қалтиып қалыппын. Ол сәтте өзімді Петергофтағы патша
сарайының алдында тұрғаннан бір де кем сезінсем бұйырмасын.
Айырмашылық сарай алдында фонтан суына шомылып тұрған жалаңаш
әйелдер мүсіні жоқтығында ғана сияқты. Оның орнына менің көз алдымда
өзге суреттер кернеді.
Мен бірінші рет поезды осы жерде, анау маңдайшасында «Разъезд №10»
деген жазуы бар он жақтағы қызыл үйдің алдында тұрып көргенмін. Содан
кейін әкем екеуміз арбаға мініп, ауылға қайттық. Әкемнің трашпенкесінің арт
жағында үнемі басы жылқышы құстың тұмсығындай имектеле сорайған
шалғы орақ жүретін. Ауылға тақағанда арбаға мінеміз деп алдынан балалар
жүгірсе, әкем атын тоқтатып: «Қарақтарым, байқаңдар, арбаның артында
шалғы-орақ бар»деп ылғи ескертіп отыратын. Ол жаздың күні еді. Разъезд
бен ауылдың арасы тұнып тұрған көк шөп болатын. Разъезден шыға бере
әкем атын тоқтатып, арбаның артындағы шалғы-орақты алып шөп шапты.
Мен хош иісі аңқыған көк шөпті кішкентай құлашымды жая құшақтап, арбаға
тасыдым. Талдан тоқылған шарбақ қорабына көк шөп тиелген арбаға қайта
отырғанда мен өзімді асқар таудың төбесіне шыққандай сезіппін. Жас шөптің
иісі жанымды елтіткен маған төбесіне шыққан тауым түйенің бүлкіліндей
майда желіспен қозғалып, зымырап бара жатқан сияқтанды. Өстіп, разъезге
келген, поезды көрген, жас шөп тиелген биік арбаға мінген қуаныштан,
кішкентай жүрегім, енесін айнала шапқан құлын тұяғының дүрсілін таныта
лүпілдеп отырған шақта әкем маған қолындағы божысын ұстатты. Бұрынғы
қуаныш қуаныш па, көңілім одан сайын лепіріп кетті. Божы қолыма тигенде
жүрегім үсті-үстіне лүпілдеп жымың ете түскен мен сол сәтте аттың божысын
ұстап келе жатқандай емес алыстан қарағанда ақбас нардай боп көрінетін
Ақжал тауының өркешіне мініп, соның бұйдасын ұстап келе жатқандай
154
Достарыңызбен бөлісу: |