Әдеби KZ
– Құнжындамағаныңды көрермін қазір, – деді Зайкүл оған шамданбастан.
Өзге қыздардың үндемегендерімен, күлімдеген көздеріне қарағанда көбінің
менің айтпақ әңгімемді тыңдағылары келіп отырғанын аңғарғаныммен, ол
әңгімені Меңтай алдында айтуға лайықсыз көріп, бөгеле бердім.
– Ал, бастасаңшы Ербол, – деді Зайкүл дегбірсіздене түсіп. - Қай жылы? Неше
күн құшақтап жаттым дейсің қызды?
Мен басымды шайқап қашқалақтай бастадым.
– Қырық төртінші жылдың күзінде бұл майданнан елге делегат боп келген, –
деді
Жомартбек Зайкүлдің құмарлығын одан сайын қоздырып, – Сонда, алдымен
Алматыға соғып, содан соң өз ауылына барған. Ауылында өзің сияқты бір
сұлу қызбен...
– Соғыс жүріп жатқанда ма? – деді Зайкүл көзін бақырайтып.
– Иә.
– Алла-ай, сен қандай бақыттысың, Ербол, соғыс кезінде елге келіп жүрген?
– Иә, қоя тұрсаңшы, Зайкүл, - деді оған Майра. - Ағайдың әңгімесін
айтқызсаңшы.
– Әй, сендер дәл осыны «ағай» дегендеріңді қойыңдаршы қылымсып, – деді
Зайкүл қыза сөйлеп. –Қайдағы ағай бұл, өзіміз сияқты студент қой. Көп болса
4-5 жас қана үлкен шығар. Соған бола соншама кәртейте бермесеңдерші бұл
байғұсты.
Зайкүл аяған болып менің басымды сипады. Басқалар оған ду күлді.
Зайкүлдің өзге сөздерін жарата бермесем де, осы сөзін ұнатып, мен де күліп
жатырмын.
152
Достарыңызбен бөлісу: |