Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет142/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ағайдың лекциясына барсам ба екен, бармасам ба екен?» десетін. Зайкүл қу 

оның осал жерін тап басыпты. 

–  Мынауың  масқара  екен,  -  деді  Меңтай.  Бұған  дейін  Меңтай  аузынан 

мұндай  қатал  сөз  шыққанын  естіген  емес  едім.  Ол  жолдастарының 

кемшілігін  кешіре  біліп,  ешкімнің  көңілі  қаларлықсөз  айтпайтын  еді.  Сол 

сабырлы  әдетін  бүгін  бірінші  рет  бұзғанына  қысылды  ма,  кім  білсін, 

Зайкүлдің  сөзін  естіп  болғаннан  кейін  құлағының  ұшына  дейін  қызарып, 

төмен қарады. – Мына сөзіңді бізден басқа ешкім естімесін. 

–  Енді  қайтейін,  –  деді  Зайкүл  Меңтайдың  алдында  ақталғысы  келгендей.  – 

Жаңағы  сен  айтып  бергеннің  бәрін  лезде  ұмыттым  да  қалдым.  Қысылғанда 

адам не істемейді. Ағайдың мақтаншақтығы, менің шашымды сипай беретіні 

ойыма түсті де, жаңағыны істедім. Енді қайтейін, бір семестр бойы басымды 

бекерге  сипаттым  ба  мен  оған.  Басты  айтасың  Кербез  ағай  жаңа  менің 

бұғағымды  да  сипап  салды.  –  Біз  күліп  жібердік.  –  Мейлі,  сипаса  сипай 

берсін, – деп Зайкүл сөзін аяқтауға ыңғайланды.  – Оған менің нем кетті, бір 

бесті соқтым да алдым. 

–  Бес  қана  емес,  сен  бір  түлкі  соғып  алған  сияқтысың,  Зайкүл,  –  деді 

Жомартбек  жымыңдап.  –  Анада  аңшы  әйел  болмайды  деп  таласып  едің, 

нағыз аңшы әйел өзің боп шықтың ғой. 

– Әй, Жомартбек, байқап сөйле: мен әйел емеспін, қызбын. 

–  Ә-ә,  солай  екен-ау,  –  деді  Жомартбек  мүләйімсіп.  Содан  соң  түк  білмеген 

кісідей әндете жөнелді. – «Етімді шал сипаған құрт жесін деп, жартастан қыз 

секірді  терең  суға»  деген  екен-ау  Абай  атамыз.  Білген  адамға  жақсы  сөз-ау 

бұл бір. 

Қыздар  мұның  Зайкүлге  арналып  айтылғанын  сезіп,  біріне-бірі  қарап 

жымыңдасты. 



148 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет