Әдеби KZ
Зайкүл емініп. Екі қыз қиылып тұрған соң көңілшек ағай жібиді. «Сақила
ертең келсін» дейді. Сөйтіп, Гераклиттің айтқаны болады да шығады.
Қойыңыз, қойыңыз, жаман екен ойыңыз» деп Қанипа әндете өтірік күліп,
көлгірсіп
Жомартбекке қарап, сахнаға шыққан бишідей боп, мойнын қылқыңдатты.
– Иә, түк қоятыны жоқ, - деді Майра оған бұрылып, – шашың мен мойныңды
Кербез ағайға босқа сипатқанша, Сақиланың бағасын түзеттіріп бер.
Бұл сөзді басқа қыздар да шуылдап, қостап қалды.
– Зайкүл тапсыра ала ма? - деді Сақила Жомартбекке.
– Тапсырады. Ол тегіннен-тегін «Чеховтың қарындасы» аталған жоқ қой.
Бұған бәріміз де мырс ете түстік. Оның мынадай мәнісі болатын.
Қыста XIX ғасырдағы орыс әдебиетінен емтихан өткізуге әзірленіп жүрдік. Бір
күні үзіліс кезінде Зайкүл бәрімізге сұрақ қойды.
– Чеховтың бір қарындасы туралы айтқаны бар еді ғой, сол сөз кімнің есіңде?
– Қай қарындасы туралы? – дедік біз түсінбей. - Мария Павловнаны айтасың
ба?
– Тілімнің ұшында тұр, өзінің бір қарындасы жайында айтып еді ғой.
– Не деп?
– Не деуші еді кісі өз қарындасы туралы. Соның бір жақсы қасиетін айтқан.
Біз Чеховтың әйел аттас шығармаларын атай бастадық.
– «Ниночка» ма?
– Жоқ, – дейді Зайкүл басын шайқап.
145
Достарыңызбен бөлісу: |