Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет136/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  «Ай,  Абылай,  Абылай»,  «Керей  қайда  барасың?»,  «Бірінші  тілек  тілеңіз», 

«Жал құйрығы қаба деп», «Қалданменен ұрысып»... 

–  Ойбай-ай,  Меңтай  қуатым-ау,  мынаның  қайсысы  есте  тұрады?  Әне  біреу, 

«Әй, қайда барасың?» дегені болмаса. 

Біз ду күліп жатырмыз. Тек Меңтай ғана күлмейді. 

–  «Әй,  қайда  барасың?»  емес,  ол  өлеңнің  аты  «Керей,  қайда  барасың?»  – 

дейді Меңтай 

Зайкүлге  бар  ынтасын  сала  түсіндіріп.  -  Бұл  жыраудың  Абылайханнан  жапа 

көріп, үдере көшіп бара жатқан қазақтың Керей деген руына айтқан өлеңі. 

Осы арада жұртты емтиханға біртіндеп кіргізіп, кіргендерді сыртқа шығарып 

тұрған 


Жомартбек мысқылға басты. – Зайкүл Бұхар жырауды неғылсын, «Әй, қайда 

барасың?» деп маған айтып жатыр ғой. 

Біз бұған ішек-сілеміз қата күліп жатырмыз. 

–  Әй,  жүгірмек,  тыныш  тұршы,  -  дейді  әшейінде  Жомартбекке  жұдырығын 

ала жүгіретін 

Зайкүл қойдан қоңыр жуастықпен. - Иә, Меңтай, одан соң не дейін? 

–  Бұхардың  жаңалығы  не  деген  сұрауға  мынаны  айтасың.  Жыраудың 

өлеңдері сыңсыған шешендік сөздерге толы. Оның өлеңінің қай жолын алып 

оқысаң да ақыл, нақылға кездесесің. Мысалы, «Айналасын жер тұтқан айды 

батпас демеңіз. Айнала ішсе азайып, көл  таусылмас демеңіз» деген сияқты. 

Осындай  керемет  шешендік  -  Бұхар  өлеңдерінің  ерекшелігі.  Осы  шешендік 

әдебиет  тарихында  «Бұхар  сарыны,  Бұхар  үлгісі,  оның  жаңалығы»  деп 

аталады. Енді ұқтың ба, Зайкүл. 



142 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет