Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет135/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Мен  ойланып  тұрдым,  тұрдым  да:  «Бұхардың  жаңалығы  самауыр  мен 

ақшәйнек қой, ағай» дедім. 

Біріміз  күліп,  біріміз  ренжіп  жатырмыз,  «Сөйтіп  кісі  жауап  бере  ме  екен» 

дейміз. 

–  Қайдан  білейін,  –  дейді  Сақила  өксігін  әрең  басып,  -  Бұхар  –  сауда-саттық 

қаласы,  қазаққа  самауыр  мен  ақшәйнек  содан  тарады  дегенді  бір  құлағым 

шалғаны бар еді... 

–  Әй,  әй,  қуаттарым,  айтсаңдаршы,  -  деп  өңі  құп-қу  болып  Зайкүл  ортаға 

шықты. - Осы сұрақ келіп қалса менің не деп жауап беруім керек? 

– Алдымен, – деді Меңтай, – сен Бұхар жырау өлеңдерінің аттарын біліп ал. 

– Иә, айтшы сол түскірлерді, - дейді Зайкүл елпілдеп. 

–  Бұхар  жырау  Абылайханның  тұсында  өмір  сүрген,  -  дейді  Меңтай  ол 

жайындағы  мәліметтерді  Зайкүлге  қысқаша  айтып  түсіндіруге  асығып.  – 

Өлеңінің аттары мынадай: 

«Айналасын жер тұтқан...» 

– Мұнысы не пәле, «жер тұтқан ба, жер жұтқан ба?», қайсысы? - дейді Зайкүл 

екі көзі бақырайып. 

–  Өлеңнің  аты,  «Айналасын  жер  тұтқан»,  –  дейді  Меңтай  оған  ыждағатпен 

түсіндіріп. 

–  Ойбай-ай,  Меңтай.  Менің  миымда  тұрады  дейсің  бе  бұл  пәлең.  Одан 

басқаларын айтшы. 

Меңтай шұбырта жөнелді. 



141 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет