Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет131/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осыдан  кейін  бір  күні  тағы  да  редакцияға  бардым.  Баяғы  бөлмеде 

Шалғынбаев жалғыз отыр екен. 

–  Бұл  жолғым  актуальді  мәселе  еді,  –  дедім  мен  Шалдуар  иіле  ме  деп 

үміттеніп. 

– Немене? 

–  Алда  Жамбылдың  қайтыс  болған  күні  келе  жатыр  ғой.  Біз  соғыс  кезінде 

Жамбылға хат жолдап, ол кісіден өлеңмен жазылған жауап алғанбыз. Соның 

тарихын баяндап және... 

Қаншама шапшаң сөйлесем де Шалдуар менің сөзімді аяқтатпады. 

-  Оның  да  актуальді  емес,  –  деп  қолын  бір-ақ  сермеді.  –  Жамбыл  туралы 

филология  ғылымының  кандидаты  Тұрғанбаевқа  мақала  жаздырғанбыз. 

Филология  ғылымының  кандидаты,  -  деп  қайталады  ол.  -  Соны  машинкаға 

бастырып,  мына  өз  қолыммен  апарып, осы  жаңа  ғана  редактордың  алдына 

қойып  келдім.  -  Шынымды  айтсам,  ол  сәтте  редактордың  үстеліне  мақала 

апарып қоятын мынау Шалдуардай әдеби қызметкер болу маған қол жетпес 

бақыт сияқты көрінді. Шалдуар менің осы ойымды сезіп қалғандай, қайтадан 

кекете  сөйледі.  –  Немене,  Жамбыл  туралы  мақала  жазып,  қаламақы  тауып, 

аяқ астынан бір байып қалайын дегенсің-ау, тақыр студент. 

Мен  Шалдуардың  бұл  сөзіне  шамданғаным  жоқ.  Студент  екенім  рас, 

студенттің  көпшілігі  тақыр  кедей  болатынына  тағы  да  талас  жоқ.  Несіне 

ренжимін. Тек одан өзім бұрын естімеген, білмейтін сөзімнің мәнін сұрадым. 

– Қаламақы дегеніңіз не? – дедім. Шалдуар тағы дүрсе қоя берді. 

– Ой, сен өзің қаламақының не екенін білмейсің, қалай журналист боламын 

деп  жүрсің?!  –  Мен  кінәлі  адамдай  басымды  изедім.  Сол  түрімді  аяды-ау 

деймін,  Шалдуар  жаңағы  өз  аузынан  шыққан,  оны  білмеген  адамның 




137 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет