Әдеби KZ
– Менің мынауым да очерк, – дедім мен бағанағы айтқанымнан бір саты
төмендеп,
«очерк» десем, Шалдуар жібімес пе екен деп дәмеленіп.
– Очерк? – Ол маған үрке қарады. – Саған очерк жазу қайдан келсін?!
Армиядан келген солдат студенттің мұрнына очерктің исі қайдан барады?
Жай, әшейін, қызбалықпен айтып тұрған шығарсың, жігітім.
Мен не дерімді, не айтарымды білмедім.
– Оқыңызшы өзіңіз, осы очерк, - дедім Шалдуарға жалынғандай болып.
– Оқымаймын. Бұл очерк емес, «Тоғжан» деген атының өзі очеркке
келмейді. Егер аты «Сауыншы қыз Тоғжан» деп тұрса, онда очерк деп
ойлауға болар еді. Ал, алда-жалда мұның кейбір жерлері очеркке ұқсай
қалса, онда ешбір актуальдығы жоқ.
Осы бір «актуальді» деген сөз маған пәле болды. Шалдуар соны сойыл ғып
сілтеп, шоқпар ғып сермеп, мені маңдайдан пергілеп, тобықтан ұрғылап
есімнен тандырды да отырды.
–Актуальді болмағандықтан мұның газетке қабылданбайды. Түсінікті ме, аһ?!
– деді ол тағы.
– Газетке баспай-ақ қойыңыз. Тек маған оқып шығып, пікіріңізді ғана
айтыңызшы.
– Осы саған редакцияға бар деп жүрген кім өзі?
Шалдуар мені редакцияға бар деген адам қазір қолына түссе түтіп
жіберердей боп, сұстанып кетті.
– Мұны профессор Әуенов сіздерге апарып көрсет деген соң келіп едім.
135
Достарыңызбен бөлісу: |