Әдеби KZ
– Ұғуын ұқтым ғой, Меңтай. Бірақ мен көк мимын ғой. Қазір ұққанымды қазір
ұмытып қаламын. Сақила, – деді ол әлі өксігін баса алмай тұрған серігіне
қарап. - Сенің екінші сұрағың не?
– Махамбеттің романтизмін білесің бе? – деді содан соң оқытушы, - деп
Сақила көзін сүрте бастады.
– Иә, сен не дедің?
– Білемін, - дедім мен.
– Білсең айт, – деді оқытушы.
Ары ойландым, бері ойландым. Ақыры оқытушы Махамбеттің оқыған
романдарын сұрап тұрған шығар деп ойладым да:
– Махамбет романдарды көп оқыған, - дедім.
– Е, қандай романдар оқыпты? - деді оқытушы жымыңдап. Ол
жымыңдағанда мен ойындағысын дәл тапқан екенмін деп қуанып кеттім де:
-Алдымен «Жұмбақ жалау» романын оқыған, дедім.
– Е, тағы қандай романдар оқыпты? - деді оқытушы.
– «Менің құрдастарымды» дедім мен.
– Иә, сонсоң? – деді оқытушы одан сайын күлімдеп.
– «Ақын» романын дедім мен, дәу де болса күтіп отырғаныңыз осы болар
деп.
– Зачет книжкаңды әкел, - деді оқытушы қолын созып. Мен кемі үш қоятын
шығар деп ойладым. Ол қол қойып, қайтарып берді. Қарасам екі қойыпты, -
деп Сақила қайтадан еңкілдеді.
143
Достарыңызбен бөлісу: |