Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет134/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

өткеннен кейін олар «Әй, жаз қайда, біреу қайда» деп, қолды бір-ақ сермеп, 

кітап пен конспектіні жауып тастап, секеңдеп сауық іздеп, селкілдеп би билеп 

кетеді  де,  емтихан  тақағанда  естері  кіріп,  қыл  көпірдің  аузына  кеткендей 

қалтырайды  екен.  Соғыстан  келген  маған  студенттердің  емтихан  тапсыруы 

әскерлердің ұзақ жақтан бекіністен көтеріліп, мылтығыныңнайзасын ұмсына 

кезеп «Уралай!» ұмтылған жауынгерлердің бәрі бірдей алға баспайды: біреу 

оққа  ұшады,  біреу  денесінен  қызыл  қан  саулап,  жер  құшады  -  жаралы 

болады. Ал емтихан тапсырғанда ешкімнің оққа ұшуы жоқ. Оның есесіне қан 

орнына көздерінен жас сорғалаған «жаралы» көп болады екен. 

Біздің  курстан  емтиханның  найзасына  бірінші  түйрелген  Сақила  деген  семіз 

сары  қыз  болды.  XVIII-XIX  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  емтиханынан  ол 

өкіріп жылап шықты. 

–  Не  болды?  Не  болды?  -  деп  жатырмыз  отыз  үшінші  аудитория  есігінің 

сыртында дәлізде ішке кіруге кезек күтіп тұрған біз. 

–  Құладым,  -  деді  ол  солқылдап  келіп,  алда  тұрған  қыздардың  бірінің 

мойнына асыла кетіп. 

Біз  оны  ортаға  алып,  өзімізше  жұбатып  жатырмыз.  Қандай  сұрақ  келді 

дейміз. 

– Бұхарды білесің бе деп сұрады оқытушы, - дейді Сақила солығын басып. 

– Сен не дедің? 

– Білемін дедім. 

– Сонсоң? 

– Білсең оның жаңалығы, ерекшелігі қандай? – деді оқытушы. 

– Дұрыс, сен не деп жауап бердің? 



140 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет