Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет133/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

күттірерлік бірсыпыра әдебиетші, журналист жастар бар дей келіп, солардың 

ішінде  сіздің  де  фамилияңызды  атады.  Мен  сізді  шын  жүректен 

құттықтаймын, ағай. 

Осылай  деп  ол  кіп-кішкентай,  жұп-жұмсақ  қос  алақанымен  менің  қолымды 

қысты. Күші солғын, күйдіруі күшті ақ саусақтар оң алақанымның іші-сыртын 

сәл ғана сипай ұстаған сол сәтте іште тулаған ыстық лептер, дауыл күні теңіз 

жағалауындағы  жалғыз  жартасты  сабалаған  толассыз  толқындай  қаптап, 

жүректі соғып, сүйінші сұрағандай оның ұйқы- тұйқысын шығарып, жұлқылап 

жұлмалап  жатты.  Бал-бұл  жанып,  қуана  жайнап  тұрған  Меңтайдың  жүзі 

маған бұрынғысынан да сұлу, сүйкімді көрінді. Егер жұрттың бәрінде бірдей 

менің көзім мен жүрегім болса, онда Меңтайды бар студент, бүкіл ғалам жер 

үстіндегі ең сұлу, ең ақылды қыз осы ғана деп бағалар еді-ау, шіркін! Дариға-

ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар жақсылықты осы қызға жасап, бар 

бақытты  осының  басына  үйіп  қояр  едім  мен.  Бірақ,  кедей  студент  менің 

қолымнан махаббат пен тұрақтылықтан басқа не келеді десеңші. 

Меңтаймен  бірге  ішке  кіріп,  ішімдегі  осы  ойды  мазасыз  баладай  тербетіп, 

екінші  этажға  көтеріліп  келе  жаттым.  Алайда,  бүгін  бірінші  рет  Меңтайды 

көріп, екі қайтара оның қолын ұстауым, ол айтқан жаңағы жылы хабар маған 

күш,  қуат  берді.  Қарным  ашып,  қалжырап,  шаршап  келе  жатқанымның  бәрі 

лезде ұмыт болды. 

 

IX 

Студенттердің қос өкпесіне найзадай төніп, жазғы емтихан да жақындап келе 

жатты. 


Найзадай  төнетіні  студент  сияқты  жас  желең  қауымның  ішінде  желбас 

жігіттер мен желөкпе қыздар аз болмайды. Қысқы семестрден қалт-құлт етіп 




139 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет