Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет130/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Шалдуардың түсі қайта жұмсарды. Тіпті күліп те алды. 

–  Үлкен  кісілер  солай  деп  айта  салады,  –  деді  ол.  –  Сенің көңіліңді қимаған 

ғой. Және ол кісінің мазасын алатын сен сияқты студент аз деймісің? 

Шалдуардың  түсі  қайта  суыды.  –  Ал  Әуенов  айтты  екен,  сол  кісі  жөн  сілтеді 

екен деп сен малданба. Біз Әуеновтың жазғанының да бәрін баса бермейміз. 

Әкелгені актуальді болса ғана басамыз, түсінікті ме? 

– Түсінікті, – деп мен енді есім шығып, тезірек кетуге ыңғайланып. 

– Түсінікті болса, жүре бер. Мә, мынауыңды ала кет. 

Мен  қолжазбамды  алып  есікке  қарай  аяңдадым.  Осы  кезде  оның  есіне 

авторлардың  күдерін  үздірмеу  керек  деген  журналистік  қағида  түсті-ау 

деймін, маған қайтадан дауыстап: 

– Әй, әй, тоқта, – деді қолын шошайтып. Мен тоқтадым. 

–  Егер  актуальді  бірдеңе  жазсаң,  тағы  да  келерсің.  Енді  жүре  бер,  –  деп  ол 

қолын сермеді. 

Мен жүре бердім. 

Редакцияның  босағасын  алғаш  аттауым  осылай  аяқталды.  Кеше  ғана 

Әуеновтың  алдынан  көңіліме  қанат  бітіп,  іштей  тасып,  лепіріп  шыққан  мен 

Шалдуар  Шалғынбаевтың  алдынан  жермен  жексен  болып  шығып, 

редакцияның  биік  баспалдағынан  тәлтіректеп  жерге  әрең  түстім.  «Өзіме  де 

сол керек, – дедім былайырақ шыққан соң ішімнен. – Тұңғыш баласын 

ЗАГС-ке  тіркетемін  деп,  туған  күннің  ертеңінде  ала  жүгірген  жас  анадай 

желпеңдеп, алды-артыма қарамай жүгіріп едім редакция қайдасың деп. Ал, 

жүгір...» 




136 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет