Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет138/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Сағынова  Зайкүл,  -  деді Жомартбек  бір  қолымен  тұтқадан  ұстап,  дәліздегі 

бізге де, іштегі оқытушыға да естірте дауыстап. 

Өйткені  оқытушы  студенттерді  өз  емтиханына  бөгелтпей  кезекпен  кіргізіп 

тұруды  Жомартбекке  тапсырған  болатын.  –  Сіздің  кезегіңіз  келді,  емтиханға 

кіріңіз. 

Зайкүл есік жанына жеткенде дар алдына келгендей құп-қу боп кетті. Оның 

кішкентай бөгеліп, жүрегімді тоқтатайын дегеніне Жомартбек қараған жоқ. 

– «Шегінуге жол жоқ - артымызда Москва!» – деді де, Зайкүлді қолды-аяққа 

тұрғызбастан есікті шалқасынан ашып, ішке еріксіз кіргізіп қоя берді. 

Енді  біз  Зайкүлдің  тілеуін  тіледік.  Есіктің  кілт  салатын  тесігінен  кезек-кезек 

сығалап,  оның  қандай  күйде  отырғанын  байқаймыз.  Содан  соң  тағы  біраз 

тым-тырыс бола қаламыз. 

Осы кезде өксік қысып, солқ ете қалған Сақила дыбысы естіледі. 

– Саспа, Сакила, - дейді Жомартбек алақанын бипаздай сермеп. – «Бәрі өтеді, 

бәрі өзгереді» деп, мен емес Гераклиттің өзі айтқан. Ендеше бұл да өзгереді - 

сенің екің үшке түзетіледі. 

– Қалай? – дейді Сакила көзін сүртіп. 

– Былай. Қазір Зайкүл бес алып шығады. Содан соң... 

–  Иә,  содан  соң?  –  дейді  Сақила  Жомартбекке,  ол  бейне  бір  өлімнен 

құтылудың жолын айтатындай-ақ, жалбарына қарап. 

– Содан соң Қанипа екеуі оқытушыға оңаша кіреді де, ортаға алады. Қанипа: 

«Ағай, 

Сақилаға үш қойып берсеңізші» дейді көзін құбылтып. «Иә, сөйтіңізші, ағай» 

дейді 



144 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет