Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет140/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– «Ит жетектеген келіншек» пе? 

Зайкүл сақылдап кеп күледі. 

– Қойыңдаршы әрі, келіншек ит жетектеуші ме еді? Ол бір ауылдың аңшысы 

ма екен иттерін қасынан қалдырмай ертіп жүретін? 

– Ойбай, Зайкүл, сен білмейді екенсің ғой, – дейді Жомартбек орнынан ұшып 

тұрып, – 

Келіншектердің керемет аңшылары болады. 

– Өзгеге сенсем де, саған сенбеймін. Жомартбек, – дейді Зайкүл қолын бір-ақ 

сермеп. 


– Онда «Апалы-сіңлілі үшеуді» айтасың ба? 

– Жоқ, үшеу емес, біреу, – дейді Зайкүл біздің діңкемізді құртып. – Чеховтың 

сол сөзін жұрт айта береді ғой ылғи. 

Өлдік-талдық  дегенде,  келесі  үзілісте  оны  әрең  таптық.  Сөйтсек,  Зайкүлдің 

сұрап  отырғаны  Чеховтың  «Краткость–  сестра  таланта»  дейтін  нақылға 

айналып кеткен атақты сөзі екен. Сол  күні біз бәріміз ішек-сілеміз қата күле 

отырып,  Зайкүлге  «Чеховтың  қарындасы»  деген  атты  бірауыздан  бергенбіз. 

Жомартбектің еске алып тұрғаны осы оқиға болатын. 

Біз  күлкімізді  тыйып  үлгіргенше  іштен  қойқаң  қағып  Зайкүл  шыға  келді. 

Бәріміз оған қарай қоғадай жапырылдық. 

– Не алдың, Зайкүл? 

Ол бізге бес саусағын көрсетті. 

Сенерімізді  де,  сенбесімізді  де  білмедік.  Зачет  книжкасындағы  «5»  деген 

бағаны көргенде ғана иландық. 




146 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет