Әдеби KZ
– Әй, неге жымыңдайсыңдар, қыздар? - Зайкүл әр қыздың бетіне кезек
қарады.
– Жай, жаңағы Жомартбектің «етімді шал сипаған» дегеніне күлеміз.
– Бұл маған айтқан екен ғой. Тілі тотияйындай осы жүгірмектен-ақ көрдім-ау,
– деп
Зайкүл жұдырығын түйіп, Жомартбекке қарай тап берді.
– Жоқ, жоқ, Зайкүл, - деді Жомартбек қашқақтай ақталып, – «Етімді шал
сипаған құрт жесін деп» жартастан терең суға секіріп жүрген сен емес,
феодализм заманының ескі қызы ғой ол. Сенің жөнін басқа, сен жаңа
заманның сұлуысың. Кербез ағаң да шал емес, қырықта ғана.
– Ә, солай десеңші одан да, – деді Зайкүл Жомартбектің сұлусың дегеніне
жайылып түсіп қалып. Оның «Кербез ағаң қырықта ғана» деген сөзіне мән де
берген жоқ.
Өстіп, Жомартбек «Шегінуге жол жоқ – артымызда Москва» деген Клочков
сөзін бас командашының бұйрығындай қайталаумен жұртты еріксіз ішке
кіргізіп, есіктен аппақ боп енген қыздар қып-қызыл боп шығып, «Не алдың?
Төрт. Құттықтаймын. Не алдың? Үш.
Оқасы жоқ» деп, жылап-сықтап, күліп-қуанып, алысып-әзілдесіп жүріп,
алғашқы емтиханды да өткердік.
X
Алғашқы емтихан маған бірсыпыра сабақ берді. Курстас қыздардың төрт-
бесеуі ғана үздік жақсы, жеті-сегізі жақсы, он шақтысы орташа оқыса, алты-
жеті қыздың үлгерімі мүлде нашар екен. Оның үстіне бұрын бұлар сабаққа
149
Достарыңызбен бөлісу: |